«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама-сы мыңдаған қазақстан-дықтардың білім алуы мен жұмысқа орналасуына жол ашып, кәсіптерін жан-жақты дамытуға мол мүмкіндік берді.
Аталмыш бағдарламаның шапағатын көрген жандардың бірі – Купчановка селосындағы жүйке ауруларымен ауыратын науқастарды емдейтін медициналық-әлеуметтік мекеменің медбикесі Людмила Шотт.
2012 жылы жоғарыдағы бағдарлама бойынша Көкшетау медициналық колледжінің студенті атанған Людмилаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, тиісті жәрдемақылар толығымен төленіп отырды. Білім мекемесін ойдағыдай аяқтап, өзі қалаған мамандығының иесі атанған ол Бұланды аудандық жұмыспен қамту орталығының көмегімен жұмысқа орналасты.
– Мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкіметіміздің жүргізіп отырған саясатын қолдаймын. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында оқу оқып, білім алдым. Сөйтіп, өзім қалаған жұмысқа орналастым. Сүйікті мамандығымды мақтан тұтамын. Алдағы уақытта өзіме сеніп тапсырылған міндетті абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді жұмсаймын, – дейді Людмила.