Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалған банкроттыққа жол беруге болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Жалған банкроттыққа жол беруге болмайды

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде банкроттық мәселесіне арналған семинар өтті.

Департамент пен аудандық басқармалардың қызметкерлеріне банкроттық шарасын жүргізу шеңберіндегі жұмыстар жөнінде практикалық көмек беру мақсатында өткізілген семинардың  жемқорлық белең алып тұрған қазіргі таңда мәні зор екендігі анық. Жалған банкроттық  шараларын жүзеге асыру негізінде жауапкершіліктен жалтарып, мойындарындағы қарыздарын өтемей кетуге тырысатын кәсіпкерлер кездесіп қалады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов семинар тақырыбының маңыздылығына назар аударып, бұл мәселеге жете мән беру қажеттігін атап өтті. Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Майра Қарауылова оңалту және банкроттыққа қатысты туындайтын  проблемалық мәселелер жайында  әңгімеледі. Департамент мамандарына Қазақстан Республикасының «Оңалту және банроттық туралы» Заңында көзделген негіздер бойынша борышкерді субсидиарлық жауапкершілікке тарту және залал  сомаларын өндіріп алу бо-йынша әкімшілік қызметіне бақылауды жүзеге асырудың әдістемелік ұсынымдары
түсіндірілді.  
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған  әртүрлі сұрақтарға толымды жауаптар қайтарылды.

Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар