Аудан әкімі Асқар Мұратұлы жұмыс сапарымен Қонысбай және Күсеп селолық округтерінде болып, осы елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Ең алдымен, аудан басшысы «Blic Terminal» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәулігіне 70 тонна бидай өңдейтін жаңа диірмен кешенінде болды. Кездесу барысында серіктестіктің бас директоры Ербол Жауаров қазіргі таңда диірменді іске қосу жұмыстары жүргізіліп, бидай әкелініп, қосымша қоймалардың құрылысы жүріп жатқандығын, бұл жұмыстар осы айдың соңына дейін аяқталып, диірмен іске қосылатындығын жеткізді.
Бұдан соң аудан басшысы «Горизонт» тау-кен компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алтын шығару фабрикасындағы зертхананы аралап көріп, қалдықтарды сақтау жайымен, өндірістік жұмыстармен танысты. Кәсіпорынның бас инженері Яхия Әбдірахманов зертханада қазір соңғы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жақын арада нақты іске қосылатындығын айтып өтті. Бүгінде кен шығарылатын орын әзірленуде.
Жұмыс сапары кезінде аудан әкімі кәсіпорын басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өндірістік мәселелер жөнінде бірқатар сын-ескертпелер жасады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.