Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғам тұрақтылығының негізі - АРҚА АЖАРЫ

Қоғам тұрақтылығының негізі

Қазақстанда міне, жиырма төрт жыл бойы жылда 18 қазанда Рухани келісім күні аталып өтіледі. Бұл мерекенің тарихы 1992 жылдан бастау алды.  Ал, тарихқа әрі бойласақ, 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласында Әлемдік рухани келісім конгресі өтті.

 

Жүз жылдан кейін Алматы қаласында бұл бастама Халықаралық рухани келісім конгресін өткізумен жалғастырылды, оған алыс және жақын шетелдерден дін және қоғам қайраткерлері келді. Форум қатысушылары оның қорытындысы бойынша қабылданған манифесте бұл күнді шиеленістерге мораторийлер және достасу жолдарын іздестіру күні деп жариялауға ұсыныс жасады.
Содан бері Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні болып саналады. Бұл мейрамның басты мәні дәстүрлі адамгершілік құндылықтар айналасына Қазақстан халқын біріктіру, толеранттық және рухани келісім идеяларын насихаттау болып табылады.
Осы тарихи шешімнің арқасында жиырма жылдан астам уақыт бұл күн біздің қоғамда тұрақтылық пен келісім атымен, ұлтына және дін тұтуына, жынысы мен нәсіліне, жасы мен көзқарасына қарамастан барлығын біріктіретін күн.
Көп ғасырлар бойы әртүрлі этностарға және діни наным мұраларына бай біздің халқымыз толеранттық, шыдамдылық және жаңаны қабылдауға ашықтық тәрізді қасиеттерді бойына сіңірді. Нәтижесінде, қазіргі кезде Қазақстан барлық әлемдік қауымдастық пен тұрақтылықтың және игіліктің аумағы деп танылды. Оған қазақ жерінде 130 ұлттың үйлесімді тіршілік етуі дәлел. Елімізде 3500-ден астам діни бірлестіктер әрекет етеді, 18 конфессия бар. Бұл жағдай шиеленістер мен дауларға әкелген жоқ, Қазақстанда бейбітшілікті, тұрақтылықты және экономикалық прогресті қамтамасыз етудің шешуші факторы болды.
Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасының үлгісі қоғамдық және діни мүдделердің балансында, өзара түсіністікке серіктестік және талпыныс қатынастарында діншілдердің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделді. Қазақстанда ойдың, ар-намыстың, діннің және сенімдердің толық еркіндігіне талаптар құрылды.
Мемлекеттің тиімді саясатының арқасында, конфессия көшбасшыларының жеке ұстанымдарына, ұлттық орталықтардың беделді өкілдеріне біздің елімізде ұлтаралық шиеленістерге және діни қарсылықтарға орын жоқ. Қазіргі кезде әлемде конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі кең танымал, оған мысал Елбасының бастамасымен Қазақстанда өткізілген Әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының 6 съезі болды, оған діни, әлемдік қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер қатысты. Егер мемлекеттік биліктің дінге қатынасы туралы айтар болсақ, Конституцияға сәйкес, Қазақстан – зайырлы мемлекет, дін мемлекеттен ажыратылған. Сонымен бірге, конфессияаралық қатынастардың маңызды мәселелері мемлекет назарынан тыс қалмайды. Мемлекеттік билік және дін біздің мемлекетіміздің гүлденуі – жалпы мақсат жолында ынтымақтасуы қажет.
Бүгінгі күні Ақмола облысының аумағында 224 діни бірлестік әрекет етеді, 12 конфессия бар. Діни жағдайға жүргізілген мониторинг нәтижесінің талдауы біздің облыстағы діни бірлестіктер әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратындығын куәландырады: қайырымдылық, мәдени-ағартушылық, гуманитарлық қызметпен айналысады және аталған мәселеде мемлекеттік органдармен белсенді ынтымақтасады. Мұндай ынтымақтастық республиканың заңнамасына қайшы келмеуі, өзге азаматтар мен конфессиялардың құқығына қысым көрсетпеуі қажет. Мемлекет өз тарапынан діни бірлестіктерді ішімдікпен және наркоманиямен күрес, қылмыстық алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жанұяны нығайту, қоғамда жоғары діни және адамгершілік климат құру тәрізді әлеуметтік мәселелерді шешуге діни бірлестіктерді тартуға талпынады. Облыста діни дәстүрлерді жандандыру, діни ғимараттар – мешіттер, ғибадатханалар, құлшылық ету үйлері құрылысы белсенді жүргізілуде. Діни құндылықтарға халықтың жүгінуі дәстүрлі мәдениеттің қайта жаңғыру аспектілерінің бірі болды.
Дін, егер олар діншілдердің діни жағдайына нақты қамқор болса, онда олардың экстремизмге және терроризмге ешқандай қатынасы болмайды. Олардың міндеті – әр адамның өзінің рухани әлемін кеңіте түсу. Мейрам қарсаңында, Ақмола облысы дін істері басқармасы атынан Рухани келісім күнінің 24 жылдығымен барлығыңызды құттықтай отырып, облыстың әрбір тұрғынына және әр отбасына бірлік және бейбітшілік, игілік және қайырымдылық тілеймін!

Болат ХАСЕНОВ,
облыстық дін істері басқармасы
басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар