Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолайлы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет - АРҚА АЖАРЫ

Қолайлы мүмкіндікті тиімді пайдалану қажет

Елордамызды қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесін Президент 2007 жылдан бері айтып келеді. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында Қазақстан Республикасының жақын жылдардағы стратегиялық міндеттерінің бірі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Президент Үкіметке Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құруды тездетуді тапсырды. Елордамен арадағы қашықтықтарды саралай отырып, Астананың  айналасында 300 шақырымдық аймақ анықталып, оған Ақмола облысының барлық аудандары және Қарағанды облысының төрт ауданы енетін болды.

 

Астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік белдеуін құру мақсатында аймақаралық жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігі, «КазАгро» холдингі, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің өкілдері енді. Соның нәтижесінде бұл міндеттің әрбір бөлігіне жауаптылар анықталып, жұмыс жоспары белгіленді. Бұл орайда алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылар мен ет және сүт өңдеушілердің әлеуеттерін қалай көтеру керектігін анықтап алу керек болды. Ол үшін азық-түлікті тұрақты түрде әкелу, бағаны тұрақтандыру үшін сауданың ерекшеліктерін, жеміс-жидек пен көкөністі сақтау мәселелерін шешіп алу қажет еді. Бұл тұрғыда логистикалық нысандардың жұмыстарын жақсартып, санитарлық-ветеринарлық қауіпсіздікті дұрыс жолға қою қажеттілігі белгілі болды.
Сонымен қатар, қаржы дағдарысы да агроөнеркәсіптік кешен нысандарының жұмыстарына кері әсерін тигізіп тұр еді. Сондықтан, өңдеуші кәсіпорындарға өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруге, жер телімдерін бөлуге, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында несие алуға көмек көрсетілді. Сол 2007 жылы азық-түлік белдеуі жаңа құрылған сәтте қаладағы базарлар мен мамандандырылған сауда орындарына 12,5 мың тонна ет және ет өнімдері, 46,3 мың тонна сүт және сүт өнімдері, 62 миллион дана жұмыртқа әкелінсе, бұл  жылдық тұтыну көлемінің тиісінше 25,5 және 15 пен 40,3 пайызы ғана еді.
Сондықтан, Астананы азық-түлікпен қысқа мерзімде толық қамтамасыз ету мәселесін шешетін ауқымды жобалар қажет болды. Сол кезде  «Агрофирма «Родина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ижевский» өндірістік  кооперативі, «Поиск» серіктестігі сынды шаруашылықтар Астана мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылар арасындағы екі жаққа да тиімді әріптестіктің үлгісін көрсете білді. Сондай-ақ, кейіннен «КазГерҚұс» серіктестігі, «Курочка Ряба» компаниялар тобы құс етімен қамтамасыз етуде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұдан басқа «Астана Агропродукт» серіктестігі «Бакара» атты брендімен, «KazBeefLtd» ет комбинаты, «Щучье ет комбинаты», ЕӨК «Бижан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері нарыққа өз өнімдерін молынан шығара бастады. Индейка, үйрек еттері өндіріле бастады. Ал, Ақмола облысының Шортанды ауданында жылына 60 тонна қаз етін өндіретін құс фабрикасы салынуда.
Бақша өнімдерін көбейту үшін 2009 жылы бау-бақша өнімдерін субсидиялауды 5 есе көбейтіп, әр гектарға 12 мың теңге мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, жылыжайлар мен көкөніс сақтау қоймалары салынуда. Осыған орай, ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орындары ашыла бастады. Әр апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, оларға Ақмола облысы мен Қарағанды облысының жақын орналасқан аудандарындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары қатыса алады. Жалпы, Астананың азық-түлік белдеуін құрғаннан бері Елордаға шамамен бір миллион тоннаға жуық азық-түлік тауарлары әкелінді. Оның ішінде ұн, өсімдік майы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, жұмыртқа, ет, сүт өнімдері бар. Біздің өңірде  әлеуметтік маңызы жоғары азық-түліктің 33 түрінің 28-ін өндіруге мүмкіндік бар. Оларды 916 кәсіпорын шығарады.
Астана тұрғындары жылына барлығы 570 тонна әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарларын тұтынады. Оның 13 пайызы қаладағы кәсіпорындар, 35 пайызы азық-түлік белдеуінен әкелінсе, 52 пайызы импорттың еншісінде. Әрине, азық-түлік белдеуін жетілдіре түсу жұмыстары өз жалғасын табуда. Мәселен, Ақмола облысында қазіргі заман талаптарына сай өндіріс орындары салына бастады. 2009 жылдан бері барлығы 83,7 миллиард теңгеге 104 инновациялық жоба іске қосылды. Оның ішінде 2015 жылы 22,2 миллиард теңгеге 14 жоба жүзеге асырылды (1 сүт фермасы; 2 құс өсіру; 11 астық қоймасы). Ал, 2016 жылы 8,9 миллиард теңгеге тағы да тоғыз жоба қолға алынды. Оның ішінде ет өңдеу, екі жылыжай, алты астық қоймасы бар. Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуді көбейте түсу үшін облыста 2015-2018 жылдарға арналған Астананың азық-түлік белдеуін дамытудың кешенді бағдарламасы қабылданды.
Бұл орайда Астананың сауда орындарында еліміздің алыс өңірлерінен, атап айтқанда Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан да азық-түлік тауарлары әкелінетіндігін айту керек. Тұтынушылар көбіне жекелеген брендтерге назар аударады. Мәселен, Астанада «Родина» және «Зенченко» шаруашылықтарымен қатар «Астана-Өнім», «Эмиль», «Нәтиже» кәсіпорындарының өнімдері көбейді. Дегенмен, Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мына жайды мәлімдеді: «Астананың азық-түлік белдеуінде 22 сүт өңдеу кәсіпорны бар. Солай бола тұра олардың қамтылуы сары май бойынша 40 пайызды, ірімшік бойынша 30,7 пайызды ғана құрайды. Бұл кәсіпорындар толық күшінде жұмыс істеуі үшін жылына 100,5 мың тонна сүт қажет». Осы мақсатта 2016 жылы алты сүт қабылдау пунктін ашып, сүт тасуға арналған көліктер сатып алу жоспарланды.
Сондай-ақ, ет комбинаттары мен мал бордақылау алаңдарының толық күшінде жұмыс істеулерін қамтамасыз ету жоспарланды. Олардың арасында «Астана АгроПродукт», «KAZBeefLTD» серіктестігі және Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы «Жаңа бас» әлеуметтік-кәсіпкерлік кооперативі, «Здоровые продукты» серіктестігі және басқа да кәсіпорындар бар. Мұның бәрі Астананың ет және ет өнімдеріне деген сұранысын толығырақ қамтамасыз етуге жағдай тудырады.
Алайда, сауда саласында шешімі табылмаған мәселелер бар. 2016 жылы тамыз айында сол кездегі Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  Ақмола облысында болған жұмыс сапарында екі негізгі проблеманы атап көрсетті. Ол, жоғары баға мен Астана қаласындағы сауда орындарының еліміздің солтүстік және орталық өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушылармен арадағы нашар байланыстары. Міне, бұл мәселелерді Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері Астана қаласы әкімдігімен бірлесе шешуге тиіс.
Жоғарыда айтылған, оның ішінде атқарылған жұмыстарды жетілдіре түсіп, орын алып отырған олқылықтарды дұрыс жолға қойсақ қана Астананы сапалы, бағасы да тиімді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешіледі. Бұл арада негізгі салмақ Ақмола облысына түсетіндігін ескеру қажет. Яғни, бірінші кезекте біздің облыс шаруашылықтары үшін алынбаған асулар әлі алда деуге негіз бар. Бұл үшін елорданы азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолайлы мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет.

Талғат ҚАСЕН.

Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар