Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адалдық жолымен - АРҚА АЖАРЫ

Адалдық жолымен

Жаны жайсаң ел ағаларының бірі Есболат Қасымұлы Дүйсенов Ақмола облысының бірнеше аудандарының шаруашылықтарында абыройлы қызмет атқарып, ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосқан азамат.

Бұл кісінің еңбек жолындағы жеткен жетістіктері бүгінгі осы сала қызметкерлеріне үлгі боларлықтай. Осы азаматтың өмір жолына көңіл аударсақ, кішкентай қазақ ауылында туып, ауыл өміріне қанық болып өскендігі байқалады.
1961 жыл. Тамыз айының ортасында Ақкөл аудандық білім беру бөлімінің бұйрығымен бұдан бес жыл бұрын өзім бітірген Кеңес орта мектебіне директордың оқу-өндірістік мәселелері жөнінде орынбасары және физика пәнінің мұғалімі болып орналастым. Мектеп басшысы басқа сыныптармен қоса, тоғызыншы қазақ сыныбына физика пәнін беруді тапсырды. Алғашқы сабаққа кіргенім әлі есімде. Алдымда менен небары бес-алты жас қана кіші ұлдар мен қыздар отыр. Жоғары сынып оқушыларының әдеті ғой, жаңа келген жас ұстазды сынай отырып, оның әлсіз жағын табуға тырысып, сол арқылы мұғалімді билеп алғылары келеді. Солай бір-бірімізді байқап жүрдік.
Біраз уақыттан кейін белгілі болды, он жеті оқушының жеті-сегізі тәуір оқиды екен. Солардың ішінде беделі жоғары, аз сөйлеп, көп тындыратын белсенді жігіттердің бірі Есболат Дүйсенов деген оқушы болды. Жұпыны киініп, интернатта тұрып жатты. Екі жыл қатарынан физика пәнінен менен дәріс алды. Оныншы сыныпта оқып жүргендерінде осы сынып оқушыларымен қой бағуға бару туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіле бастады. Бұлармен қатар орыс сыныбы да болды, бірақ, оларды қозғаған жоқ. Ол кезде бұған мән бергеміз жоқ. Кейін байқап қарасақ, сол кездегі идеологияның құйтырқы саясаты қазақ балаларының жоғары білім алуларына кедергі жасау. Ол кезде жоғарыдан төмен қарай негізгі басшылық орындарда орыс тілділер отырғаны белгілі. Сонымен он үш баланы көндіріп қой бағуға жіберді. Қазақ балаларын көндіруге сіңірген «еңбегі» үшін сынып жетекшісі марапаттан да құр қалмады. Қой бағуға баратындардың ішінде Есболат та болды. Екі жыл жапан далада қой бағып, алған білімінен қарайып қалмауы үшін, өз бетінше тұрақты түрде дайындалып, кейін ауыл шаруашылығы институтына түсті.
1970 жылы еңбек жолын бөлімше зоотехнигінен бастаған Есекең өзінің білімділігімен, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығымен қызмет баспалдағымен жоғары көтеріле бас-тайды. Бір жылдан кейін Бұланды ауданының «Амангелді» кеңшарының бас зоотехнигіне тағайындалады. Шаруашылық он мың қара мал бордақылап, мемлекетке жылына төрт-бес мың тонна ет тапсырып тұрған. Мал бордақылаудың негізгі ауыртпалығы бас зоотехниктің мойнында. Сол кезде өзі облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланған. Бұл да Есболат Қасымұлының еңбегін бағалағанның бір белгісі және оған деген сенім еді.
Сілеті ауданы Ерейментау мен Ақкөл аудандарының шеткі кеңшарлары мен екі рудниктен құрылды. Жер аймағы жартылай шөлейт, тек мал шаруашылығын дамытуға негізделген. Осы мал шаруашылығын жандандырады деген ниетпен Есболат Дүйсеновты аудандық ауыл шаруашылығы басқармасына бас зоотехник етіп жібереді. Мұнда да екі жылдан кейін басқарманың орынбасары, содан кейін басшысы болып он сегіз жыл еңбек етті. Осы уақыт ішінде ауруға ұшыраған төрт түлік малды оңалдырып, шеттен он төрт мыңдай құнажын әкеліп, мал басын асылдандырып, мал өсімін жақсартуға бар күш-жігерін, қайратын жұмсады. Ауданға үш жүз елу түйе әкеліп, оны бес жүзге жеткізеді. Аудан соңғы сегіз жыл бойы мал өнімдерінің жоспарын асыра орындауға қол жеткізіп отырды. Одан әрі Сілеті ауданы жабылғаннан кейін зейнет демалысына шыққанша Бұланды ауданының бес кеңшарының бас директоры, Атбасар ауданының «Горький» кеңшарының, Целиноград ауданының «Оразақ» ЖШС-ының директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
Былайша айтқанда, Есболат Қасымұлы қырық жылға таяу уақыт Ақмола облысының шаруашылықтарында мал шаруашылығын дамытуға қомақты үлесін қосты  деп айта аламыз.
Зейнетке шыққаннан бергі уақытта Астана қалалық ардагерлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін де абыроймен атқарып келеді. Бір жылда дүние есігін ашып, бала кезінен бірге өсіп, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары отау құрған зайыбы Үмітпен төрт бала өсіріп, тоғыз немере сүйіп отырған белді де беделді отбасы. Үміт Әлібекқызы да көп жылдар медицина саласында жемісті қызмет атқарып, бүгінде қоғамдық жұмыстарға да атсалысып жүрген жан. Қазір Астана қаласындағы  «Алаш аманаты» қазақ хорының мүшесі.
Есболат Қасымұлы сырт көзге қарапайым болғанымен ісіне тиянақты, адал. Өз ісінің білгірі екендігі бірден байқалады. Қызметтің қай саласын атқарса да, қажыр мен қайратты, міндет пен парызды әрқашан қатар ұстап, бүкіл саналы өмірін халық игілігі үшін аянбай еңбек етуге арнап жүрген азамат. Жетпістің табалдырығын аттаған кешегі шәкірттерім Есболат пен Үмітке отбасымның атынан ғұмырларың ұзақ болып, бақытты өмір сүріңдер деп ұстаздық ақ тілегімді білдірмекпін.  

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
ардагер  ұстаз.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар