Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздің Дина - АРҚА АЖАРЫ

Біздің Дина

Биылғы жылдың мамыр  айында Астанада әйелдер арасында бокстан әлем біріншілігі өткен еді. 67 елден 285 боксшы қатысқан осы дүбірлі додада 54 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен ақмолалық спортшы Дина Жоламан қарсыластарының бәрін жеңіп, әлем чемпионы атанды.

 

Әйелдер арасындағы бокс бүгінде спорттың олимпиадалық ойындар құрамына енгізілген танымал түрі болып саналады. Содан болар, оған қызығушылық та жыл санап өсе түсуде. Осыған орай, спорттың бұл ауыр түрімен айналысуға ынталы нәзік жандылар қатары  көбейіп келеді. Көп болған жерде бәсекенің де қатты болатыны белгілі. Яғни, Дина Жоламанның чемпиондық жолының соқтықпалы соқпақты қиын және күрделі болғанын осыдан бағамдауға болады.
Динаның бокстағы жолы Жақсы кентіндегі «ТНК агрофирмасының» қолдауымен ашылған Т.Уәлиев атындағы спорт мектебінде басталған. Оның қыздарға онша қол емес деп саналатын, үлкен күшті қажет ететін бокспен айналысуына бүгінде телеканалдардан жиі көрсетіп жататын шетелдік кинолардың әсері аз болмаған сияқты. Қыздардың ауыр атлетика, бокс сияқты ауыр спорт түрлерімен айналысуы бүгінде ешкімді де таңырқатпайды. Содан болар, оның бокспен айналысқанына туған- туыстары да қарсы бола қоймаған.
Дина Жоламанның әлем чемпионына дейінгі жолы бірден және кездейсоқ самғау арқылы емес, біртіндеп өсумен және көп тер төгіп жаттығудың арқасында келді.  Ол бұл табысқа бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Высоцкийдің сіңірген еңбегінің зор екендігін ешқашан ұмытпайды. Екі дүркін республика чемпио-ны болған Дина 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық жарыста бесінші сатыдан көрініп, болашағынан үлкен үміт күттірген еді. Мұндай дүбірлі жарысқа алғаш қатысқан жас спортшы үшін бұл аз табыс емес болатын. Сондай-ақ, бұл жетістік оған халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алуға ықпалын тигізді. Енді Астанада өткен жарысқа қайта оралайық. Иә, бұл дәл Олимпиада ойындары қарсаңында өткен аса жа-уапты да күрделі сын болған еді. Жарыс жүлдегері Олимпиададағы жолдаманы да алуы тиіс-тін. Содан болар, спортшылар жеңіс үшін жанын салып бақты. Динаның қарсыластарының бәрі талай
жарыстарда жүлде алған мықтылар болды.
Дегенмен, олардың атақ-даңқы, бұрынғы жеңістері жас боксшыны қорқыта алмады. Неміс спортшысы Орнелей Вахнерді 3:0 есебімен ұтқан ол қытайлық Айя Шинматоны да сондай есеппен тізе бүктірді. Финалда тағы бір қытайлық Лю Пиапиаоны да 3:0 есебімен анық басымдықпен жеңді. Сөйтіп, еліміздің тарихында әйелдер арасында екінші әлем чемпионы атанды. Өкінішке орай, Дина Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға бара алмайтын болды. Өйткені, оның салмағы Олимпиада ойындарына кіретін салмақ өлшеміне енбейді екен. Олимпиадада әйелдер боксында үш салмақ – 51, 60 және  75 келілік салмақ қана қарастырылған. Дегенмен, бұл жасындай жарқырап биікке көтерілген талантты спортшы Дина Жоламанның жолын кесе алмайды. Оның алдында әлі де талай дүбірлі жарыстар күтіп тұр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар