Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сарыарқа» шағын ауданы: даму жолдары - АРҚА АЖАРЫ

«Сарыарқа» шағын ауданы: даму жолдары

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су және жылумен қамтамасыз ету жүйесін нығайту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» комиссиясының көшпелі отырысы облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында өтті.

Көшпелі комиссия отырысының жұмысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаттық фракция басшысы Ғалым Бекмағамбетов, «Нұр Отан» партиясы облыстық және қалалық филиалының комиссия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық құрылыс бөлімінің өкілдері, «Жақия», «Раза строй» және «Көкшетауавтодор» серіктестігінің басшылары қатысты. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Құрманғали Құлмағамбетовтың айтуынша, бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда. Жұмыстың сапасы жақсы. Кестемен жұмыс істеуде. Құрылысшылар техника қауіпсіздігін сақтап, кварталішілік жүйе мен абаттандыру жұмысының 81,4 пайызын орындаған. Құрылыс биылғы жылдың 1 қарашасына дейін жүргізіледі. Нысан белгіленген мерзімде тапсырылады.
–Биылғы жылы «Сарыарқа» шағын ауданының 33,5 гектар учаске алаңында белгілі себептермен тұрғын үй тұрғызылмағандықтан, мұнда магистральдік және кварталішілік коммуникациялық жүйені тартпадық. Бөлінген қаржыны тиімсіз пайдалануды жөн санамадық. Мұндағы өзге тұрғын үйлерге кәріз, су және жылу жүйесі тартылған,– дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары. Биылғы жылы жас отбасылар үшін 90 пәтер пайдалануға берілді. Комиссия мүшелері көршілес учаскені де аралап көріп, абаттандыру жұмысының сапасына назар аударды. Мұнда инженерлік жүйе тартылған. Дегенмен, мердігер жұмыс кестесінен кейін қалып отыр. Оның үстіне шағын трансформатор мен газгольдер тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан. Бұл тұрғындардың өміріне қауіп тудырады. Бұл қондырғыларды тұрғын үйлерден алыстау орналастыру жөнінде ұсыныс айтылды. Комиссия мүшелері 13 гектар жерді алып жатқан учаскеге келді. Мердігер өз сөзінде құрылыс алаңы дайындалып жатқанын, әзірше бөлінген қаржының 55 миллион теңгесі игерілгенін айтып өтті. Құрылыс материалдары Гранитный селосынан тасымалданады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су және жылумен қамтамасыз ету жүйесін, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы өңірде 38,204 шақырым инженерлік жүйе салу жоспарланғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда жүзден астам уақытша, он тұрақты жұмыс орны ашылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тартуға облыс бойынша келесі жылға 538,393 миллион теңгенің сегіз жобасына өтінім берілген. (Көкшетау қаласында 3 жоба, Степногорск қаласы мен Ақкөл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандарында бір-бір жобадан).
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар мен еңбек адамдары үшін жаңа бастама – «Сатып алуға құқы жоқ жалға берілетін тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы бойынша келесі жылға Ұлттық қорға сегіз жобаға өтінім берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде биыл қазан айында облыс орталығындағы Қопа көлінің жағасындағы жылуэнергетикалық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйлер сыртындағы инженерлік жүйені қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Жоба жүзеге асырылғанда жылумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады. Жылу энергиясының шығыны азаяды. Нұротандықтар бұл бағыт бо-йынша құрылыс жұмыстарының барысын ерекше бақылауда ұстауда.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар