Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төтенше жағдайлар саласы бойынша - АРҚА АЖАРЫ

Төтенше жағдайлар саласы бойынша

бірден-бір жоғары оқу орны – Көкшетау техникалық институты Құтқарушылар күнін  салтанатты жағдайда атап өтті

Институт бастығы, төтенше жағдайлар полковнигі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, құрылғанына он тоғыз жыл толған оқу орны осы кезең ішінде жеті мыңға тарта төтенше жағдайлар саласы офицер мамандарын даярлаған. Олар бүгінде еліміздің барлық аймақтарында жемісті еңбек етіп жүр. Республикадағы бірегей оқу орны саналатын Көкшетау техникалық институты облысымыз бен республикамыздағы түрлі шараларға белсене қатысады. Астанада өтетін Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні сияқты мерекелердегі салтанатты шерулерде институттың курсанттары үнемі алдыңғы лектен көрінуде.
– Келесі жылы жиырма жылдығын атап өткелі отырған институтымыз осы кезең ішінде білім беру сапасы жағынан да, материалдық-техникалық жабдықталуы жағынан да айтарлықтай биіктерге көтерілді. Еліміздің барлық аймақтарынан келіп оқитын курсанттар үшін жатақхана, асхана, кітапхана, спорт залы қызмет көрсетеді. Ал, институтты үздік бітірген курсанттарымыз тікелей Мемлекет басшысының қолынан лейтенант атағын алады, – деп атап көрсетті оқу орнының басшысы. Алғаш құрылған жылдарда әскериленген оқу орнында дәріс беретін білікті мамандар жетпесе, қазіргі оқытушылық-профессорлық құрамның сапасы кім-кімді де қызықтырғандай.
Институт ұжымын кәсіби мерекелерімен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Жанат Ережепов пен облыстық төтенше жағдайлар ардагерлері ұйымының төрағасы Жанат Қарабалин де  құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Оқуда және қызметте жақсы қырынан көрінген курсанттар мен оқытушылар, оқу орны қызметкерлері Қазақстан Рес-публикасы Ішкі істер министрінің, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен институт басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды. Бірқатар офицерлерге бірінші және екінші дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісі тапсырылса, келесілері институт басшысының қолынан кезекті әскери шен алды. Марапаттан ардагерлер де сырт қалмады. Ұзақ жылдар төтенше жағдайлар қызметінде еңбек еткен үш ардагер Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Мерекелік шараның соңы жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар