Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы отбасының баласы да жақсы - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы отбасының баласы да жақсы

Сыйластық пен жарастық орнаған отбасы – қоғамның басты тірегі. Баланың әдептілігі, болашақта қандай адам болатыны үй ішінде алған тәлім-тәрбиесіне байланысты болмақшы.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген даналық қағиданың түпкі мәні осы отбасы тәрбиесіне келіп тіреледі. Сондықтан, Ерейментау қаласында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – отбасы әлемі» шарасы өтті. Отбасы құндылықтарын
насихаттау мақсатында өткен сайысқа баға беретін әділқазылар алқасының құрамында  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Сара Дүйсембаева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Кәмила Ахмедиярова, іскер әйелдер клубының мүшесі Светлана Чернышева, «Шаңырақ» қоғамдық қоры әлеуметтік-психологиялық  зерттеу орталығының директоры Берік Рақышев болды. Сайысқа әкелер мен ұл балалар, аналар мен қыз балалар бір топ болып қатысып, отбасы құндылығының алғышарттарын жарыс барысында сәтімен жеткізе білді. Сайысқа қатысушылар ән салып, би билеп өнерлерін ортаға салды.
«Әке – асқар тау» аталымы бойынша  жүлделі үшінші орынды Амангелді Тоқтархан мен Жұмабек Амангелді жеңіп алса, екінші орынды  Ярослав Қалиев пен Максим Қалиев иеленді. Бірінші орынды  Талғат Көпенов пен Тәңірберген Қайриден олжалады.  «Менің анам» сайысында Гүлзада Бөлекпаева мен Жанетта Мұқашева,  «Сәнді қыздар» сайысында Лилия Яхина мен София Блоха, «Креативті қыздар» және «Шебер қыздар» байқауларында Елена Путилова, Виктория Путилова, Үміт Төлендинова және Ділназ Қыдырбаевалар жеңіс тұғырынан көрінді. Жарысқа қатысушылардың бәрі ұйымдастыру алқасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.  
Тағылымды шараның ұйымдастырушысы әрі демеушісі «Шаңырақ» қоғамдық қоры әлеуметтік-психологиялық  зерттеу орталығының директоры Берік Рақышев өнер сайысына қатысқан  барлық отбасыларға береке-бірлік, татулық-тыныштық тілеп, шараға қатысқандары үшін алғысын айтты. Отбасының құндылықтарын насихаттау бағытында өткізілген шара мақсат үдесінен шықты деп айтуға негіз бар.

Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар