Облыс орталығындағы қазақ-түрік лицейі іргелі оқу орындарының бірі. Лицей оқушылары түрлі пән олимпиадаларында жүлдегер атанып, бірыңғай ұлттық тестілеуде үнемі алдыңғы орындардан көрініп келеді. Спортқа да зор көңіл бөлінетін оқу орнында алғашқы түлектердің демеушілігімен футбол алаңы ашылды.
Лицей директоры Идятулла Әдіхановтың айтуынша, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқу орнының алғашқы түлектерінің қаржылай қолдау көрсетуінің арқасында футбол алаңы ашылып отыр. Бұрын лицей оқушылары интеллектуалдық жағынан
облыста көшбасшы ретінде көрініп келсе, ендігі уақытта спорт жарыстарында да жақсы өнер көрсетіп, биік нәтижелерге жетеді деген үміт бар. Лицей ауласынан ашылған сырты қоршалып, жасанды алаң төселген футбол алаңы оқушылардың бос уақыттарын
өткізетін сүйікті орны болатын түрі бар.
Жаңа футбол алаңының лентасын облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы Ботагөз Дүйсенова мен халықаралық «Нұрорда» мектептерінің бас директоры Ахмет-Орхан Өзтүмсүк қиды. Бұдан кейін қазақ дәстүрімен шашу шашылып, оқушылар командаларының алғашқы кездесуі өтті.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.