Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айыппұл төлеуде жеңілдік бар - АРҚА АЖАРЫ

Айыппұл төлеуде жеңілдік бар

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот саласын жетілдіру, азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғауды қамтамасыз ету жайы жан-жақты айтылған. Осыған орай, соңғы жылдарда Қылмыстық, Азаматтық және Әкімшілік кодекстеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізілген еді.  Сотта қаралатын әкімшілік санаттағы істер қатары жыл санап өсе түсуде.

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Азаматтық кодексте көптеген құқық бұзушылықтар бойынша әкімшіліктік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сондай-ақ,  2015 жылдың қаңтарынан бастап жаңа редакцияда қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша осы санаттағы істер нақтыланып, айқындалған. Әкімшілік құқық бұзушылықтарға байланысты Кодекстегі жаңа өзгерістер жайында газетіміздің тілшісі Ақмола облыстық азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Абай Мәкітовпен әңгімелескен еді.
– Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясындағы  басты өзгешеліктер туралы не айтасыз?
– Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа редакциясындағы бұрынғы қолданылып келген кодекске қарағанда басты ерекшеліктері заңнамаларымызды ізгілендіру және әкімшілік заң бұзушылықтарды қарау тәртібін жеделдету жайы басты назарға алынғандығында десек, артық айтқандық болмас. Жыл өткен сайын саны артып бара жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау тәртібін жеделдетудің мәні зор екендігі белгілі. Сондай-ақ, кодекстің жаңа редакциясында құқық бұзушылықты жұмсартатын жайлар ескеріліп, айыппұл көлемін 30 пайызға дейін кеміту көзделген. Бұл түрлі себептермен әкімшілік құқық бұзған азаматтар үшін біршама жеңілдік беретіні анық.
– Әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқартылған өндірістік тәртібі жайында не айтар едіңіз?
– Әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқартылған өндірістік тәртібі жеке тұлғалардың қолына сот шешімінің хаттамасы табыс етілген күннен бастап жеті күннің ішінде айыппұл сомасының 50 па-йызын төлеген жағдайда қолданылады. Бұл ереже мынадай жағдайда: егер жеке тұлға әкімшілік құқық бұзушылық жайын мо-йындап, оған қарсы наразылық білдірмесе және айыппұл сомасының жартысын төлеуге әзір болса қолданылуы мүмкін. Заңдағы мұндай жеңілдік бүгінде көлемі шектен тыс өсіп кеткен айыппұлға қатысты қарыздарды азайтуға және әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты істі қараудың созылып кетуіне жол бермеуге байланыс-ты енгізілгендігі түсінікті.  Сондай-ақ, заңдағы бұл өзгеріс дәлелдеуге  байланысты жұмсалатын шығынды азайтып, сот ісін оңтайландыруға игі ықпалын тигізбек. Бұл шара айыппұлды өндіріп алу көлемін көбейтуге, мемлекеттік институттарға деген жұртшылықтың сенімін арттыруға да игі әсерін тигізетін болады.
– Айыппұл көлемін белгілеуге байланысты қандай өзгерістер бар?
– Жемқорлыққа жол бермеу және қысқартылған өндірістік тәртіпте қарауды қамтамасыз етуге байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жаңа редакциясында айыппұлдың нақты сомасы айқындалған. Ал, айыппұлдың пайыздық өлшемі белгілі жағдайларға байланысты атап айтқанда, экологиялық салық мәселесіне, экономикалық заңнамаларға, сонымен қатар, электр қуатын пайдалануға қатысты істерде қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты хаттаманы және басқа материалдарды толықтыруға қайта жіберу мүмкіндігі қысқартылған. Ендігі арада судья қолындағы бар құжаттарды негізге алып, шешім шығарады. Мәселен, біздің елімізде тұңғыш рет азаматтарды әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты жазаға тартуда жалпы және қысқартылған тәртіпте қарау ережесі енгізіліп отыр. Азаматтардың көбі сот шешіміне қанағаттанбай, қайта шағымданып жатады. Мұның өзі судьяларға қосымша жүктеме жүктейтіні белгілі. Сондықтан да, жоғарыда айтып кеткеніміздей, заңдағы өзгерістерге сай егер азаматтар өз кінәларын мойындап, айыппұлдың жартысын жеті күн ішінде төлесе, осындай жеңілдікті пайдалана алады. Түрлі дәлелді және жазаны жұмсартуға негіз болатын себептерге байланысты айыппұлдың 30 пайызы деңгейінде жеңілдік алуына мүмкіндіктері бар.
– Құзыретті органдардың әрекеттеріне қатысты шағымды қарау тәртібі жайында айта кетсеңіз.
– Кодекстің жаңа редакциясында құзыретті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне байланысты шағымға орай толықтай бір тарау қосылған. Бұрынғы кодексте бұл жоқ болатын. Маңызды өзгерістердің қатарында заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылық істеріне қатысты шешімдерге орай жаңа туындаған жайларға байланысты қайта қарау мүмкіндігінің қарастырылуын айтуға болады.  Ендігі арада тараптар жаңа пайда болған жайларға байланысты сотқа арыз жазса жеткілікті. Судья жаңа айғақты негізді деп тапса, онда сот ісін қайта қарайтын болады.
Сұхбатты жазып алған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар