Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қариялардың қызы да, сырласы да - АРҚА АЖАРЫ

Қариялардың қызы да, сырласы да

«Өмірде жалғыздық жан қайғыңызға айналған кезде өзіңізге бір жақын адамдарды іздейтін сәтіңіз болады» деген екен әйгілі режиссер және драматург В.Неврович-Данченко. Иә, бір кездері толыққанды өмір сүрген мүгедектер мен егде адамдардың бірқатары үшін  жалғыздық дерті жыл санап жан азабына айналуда. Осындайда оларға көмекке келіп, қол ұшын беретін жандардың бірі – әлеуметтік қызметкер. 

Әлеуметтік қызметкердің жұмысы адамның өмірімен және тағдырымен тығыз байланысты. Ол адамдарға бойындағы жан шуағын сыйлап, көмекке мұқтаж жандардың қайғысын бірге бөліседі, жүрегіне жылылық ұялатады.  Бүгінде аталмыш сала мамандары тек әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар медбике, психолог, заңгер, кеңесші қызметтерін де қоса атқарады. Осындай маманның бірі – Валентина Кинибаева. Ол Есіл қаласындағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейді. Осыдан он жеті жыл бұрын аталмыш мекемеде еңбек жолын бастаған балауса қыз бүгінде қамқорлығындағы қариялардың қызы да, құрбысы да, сырласы да. Көп қиындықтарды бастарынан кешіріп, қартайған шақтарында жалғыз қалған кейуаналар өз өмірлерін Валентинасыз елестете алмайды. Қуаныштарын да, қайғыларын да бірге бөліседі. Туған күн болсын, мерекелік шара болсын ол әрдайым әжейлерінің қасынан табылады. Демалыс күндері үй шаруасынан қолы қалт етіп босай қалса, қамқорлығындағы кейуаналармен бірге серуенге шығып, шүйіркелесе отырып шай ішу дәстүрге айналған.  Бар саналы өмірін қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмекке арнауға бел байлаған Валентина Кинибаева осындай жан.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.

 Суретте: Валентина Кинибаева өз қамқорлығындағы қариялармен серуенде. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар