Дөңгілағаш ауылының мәдениет ошағында егде адамдар мен мүгедектерді қолдау айлығы аясында мәдени шара болып өтті.
Шараға ауыл тұрғындары тегіс жиналды. Ақсақалдар алқасының төрағасы Әптар Жахин сөз сөйлеп, ауылдың тарихы мен қол жеткізілген жетістіктер жөнінде ой қозғады. Сондай-ақ, тұрғындар Ұлы Отан соғысына қатысқан боздақтар, бақилық болған соғыс және еңбек ардагерлері мен еңбек адамдарын еске алды. Қарттарға дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Мәдени шара жергілікті мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Майса Хаджан мен жергілікті мәдениет ошағының ұйымдастырушысы Амантай Қасайынов даярлаған концертпен жалғасын тапты.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Зеренді ауданы.