Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бөлінген қаржыны уақытында игеру – міндет - АРҚА АЖАРЫ

Бөлінген қаржыны уақытында игеру – міндет

Кезекті әкімдік мәжілісін ашқан өңір басшысы Сергей Кулагин  алдымен, Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы болып Берік Мұстафиннің, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып Ербол Оспановтың тағайындалғаны туралы хабарлап, олардың жұмысына табыс тіледі.

Мұнан соң облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров «Облыстың 2016 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы» баяндама жасады. Шешен өз сөзінде облыс бюджетіне 142 811,5 миллион теңге түскендігін, оның ішінде салық пен төлемдерден 41 895,9 миллион теңге түскендігін айтып өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,6 пайызға көп. Жоспар 1460,4 миллион теңгеге артық орындалған.
Ал, бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайызға ғана игерілген. Дегенмен, бұл көрсеткіш те өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға жоғары. Бөлінген қаржыны игеруде ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қаржы, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармалары нәтижелі жұмыс істеп отыр. Өз ісін тыңғылықты атқарып отырғандармен бірге бөлінген қаржыны игере алмай, жұмысын қожыратып алғандар да бар. Мәселен, тұтастай алғанда 235,7 миллион теңге игерілмей отыр. Мұның ішінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының үлесі 53,3 миллион теңге. Ал, білім басқармасы болса 52,5 миллион теңгені игермеген. Оның өзіндік себептері де бар. Аталмыш басқарма бойынша үш нысанды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Қайта жарияланған конкурстардың қорытындысы енді шығарылып жатыр.
Құрылыс басқармасы бойынша да миллиондаған қаржы игерілмеген. Төтенше жағдайлар департаментінде де бұл көрсеткіш небары 47,5 пайызды құрайды. Оның бір себебі, автокөлік құралдарын сатып алу бойынша конкурс өткізілмеген. Бөлінген қаржыны уақытылы игермеу мысалдары аудандарда да бар. Облыс әкімі Сергей Кулагин шұғыл түрде межеленген жоспарларды жүзеге асырып, бөлінген қаржыны толық игеру қажеттігін қатаң талап етті.
– Әншейінде қаржы жоқ дейміз. Міне, қаншама қаржы игерілмей жатыр, бұған қалай төзуге болады,–деп түйіндеді өңір басшысы. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов өткен тоғыз ай ішінде облыстық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде қол жеткен табыстарды да, іркілісті істерді де қолмен қойғандай етіп баяндап берді. Бұл орайда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, білім, құрылыс басқармаларымен бірге, Ерейментау, Бұланды, Целиноград, Қорғалжын, Шортанды, Атбасар, Аршалы және Еңбекшілдер аудандарының әкімдеріне бюджеттің шығыс бөлігін игерудегі қарқынды үдетіп, мықтап қолға алу қатаң тапсырылды. Жыл қорытындысы бойынша бюджет қаражатын толық игеруді қамтамасыз ету парыз. Оған қоса өткен жылдардағы кредиторлық және дебиторлық қарыздардың өтелуі барысында да мәселелер қордаланып қалған.  Өңір басшысы жауапты адамдардан қатаң сұралатынын тағы бір ескертті.
Әкімдік мәжілісінің соңында ағымдағы бірқатар мәселелер талқыланып,  жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берілді.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар