Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздің істе керегі мейірім мен жүрек жылуы - АРҚА АЖАРЫ

Біздің істе керегі мейірім мен жүрек жылуы

Тәуелсіз еліміздің дамуының  басым бағыттарының бірі  ардагерлер мен мүгедектерге, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, халықты жұмыспен қамту болып табылады.

  Осы мәселелерді шешу  үшін мемлекет халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің бекітілген стандартына сәйкес барлық қажетті қызмет жүйесін қалыптастырды. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары әлеуметтік қорғау жұмыстары негізінен қарттар мен егде адамдарға әлеуметтік төлемақы мен жеңілдіктерді  ұсыну болып келсе, қазіргі таңда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты кешенді қорғаумен айналысады. Бөлімде жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсетумен айналысатын бес бөлімше  жұмыс істейді.
Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеті  қиын жағдайға  душар  болғандарға, қарттарға, мүгедектер мен басқа да  көмекке мұқтаж азаматтарға күнделікті көмектесу. Әлеуметтік саланың қызметкері осындай адамдардың денсаулығы ғана емес, өмірлері үшін де жа-
уапты. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 324 жалғызбасты егде адамдар есепте тұр, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлері  6, 1-2 топтағы  мүгедектер  15  және жас шамасына байланысты   302 адам.
Сол сияқты бөлімде балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету және бала жасынан мүгедектерге қызмет көрсету бөлімшесі бар. Одан басқа, әлеуметтік әріптестік бойынша ауданда үшжақты әлеуметтік әріптестік пен еңбек қарым-қатынастарын реттеу комиссиясы жұмыс істейді. Бөлім жыл  сайын «Парыз»  республикалық байқауының ұйымдастыру шараларына қатысады.
Бөлімнің  жұмысы туралы айтқанда, алдымен ауызға қызмет жасайтын адамдар келеді. Аудан тұрғындарының құрметіне ие болған  әлеуметтік қызметкерлердің қатарында Р.Фаттахова, О.Баженова, Л.Иванова,  Н.Комарова,  А.Құлғожинова, А.Жетпісова, Р.Қайдарова,  К.Демидова, А.Шашкенова,  Н.Занина, Н.Шавкунтаева,  Ю.Бимурзина,  С.Оспанова, М.Нүрпейісова, Е.Иванова, Е.Бабич, Л.Ярыныч, Г.Киселева сынды өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын мамандар бар. Әлеуметтік қорғау жүйесінде  жиырма жылдан астам еңбек етіп келе жатқан
Г. Захароваға, ұзақ жылдар жұмыс істеп, қазір зейнеткерлік демалыста жүрген  А. Сапаровқа айтар алғысымыз көп.

Қанат ҚОЖАҒҰЛОВ,
Бурабай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар