Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев зейнет жасына жетсе де қоғамдық жұмыстардан қол үзбей келе жатқан ардагерлер мен зейнеткерлерді мерекелік дастархан басында қабылдады.
Қала әкімі жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау сияқты ізгі қасиеттерді орнықтыруға үлесін қосып жүрген ардагерлерге алғысын білдірді. Қала экономикасын нығайтуға лайықты үлестерін қосқан ардагерлердің өнегесі ешқашанда ұмытылмайтындығын, олардың арасында әлі де еңбектен қол үзбей келе жатқан жандардың бар екенін атап өтті. Өз кезегінде ардагерлер де көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, еліміздің жарқын болашағы үшін әлі де қолдан келгенше еңбек ете беретіндерін айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.