Таяуда облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский бастаған қызметкерлер «Can Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі рейтингісіндегі ұстанымды жақсарту және атқарушылық іс жүргізу, азаматтық хал актілерін, жылжымайтын мүлікті, сонымен қатар, заңды тұлғаларды, нотариалды қызметтерді басқа да әділет органдары қызметіне қатысты құқықтарды электронды тіркеу мәселелері жөнінде ақпарат беру болып табылады.
Жиында серіктестік қызметкерлері әділет органдарының өкілдеріне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Ал, жиын соңында дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі индикаторларын жақсарту жөнінде ақпараттық кітапшалар таратылды.
Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.