«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы ғимаратында өткен саясаткер әйелдердің жиыны көшбасшы әйелдер мектебінің жетекшісін тағайындады.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, көшбасшы әйелдер мектебінің жетекшісі Марал Жақыпова мектептің мақсат-міндеттерімен таныстырып, атқарған жұмыстар жайында айтып берді. Көшбасшы әйелдер мектебінің ықпалымен өңірімізде әйелдер қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуда. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина саясаткер әйелдердің клубы жергілікті жерлерде де жақсы жұмыс істеп жатқандығы туралы айтты. Жиын соңында оған қатысушылар ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің әртүрлі саласында жемісті еңбек еткен Сәуле Ыбыраеваны көшбасшы әйелдер мектебінің жетекшісі етіп сайлады.
Назгүл РАБИЛОВА.