Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл басынан бері 563 өрт шыққан - АРҚА АЖАРЫ

Жыл басынан бері 563 өрт шыққан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізіп,  өртке қарсы күрес шаралары туралы баяндады.

Департамент басшысының орынбасары алдымен Құтқарушылар күні мерекесіне тоқталды. Елімізде жыл сайын аталып өтілетін кәсіби мерекені  ақмолалық өрт сөндірушілер де жоғары еңбек табыстарымен қарсы алып отырғаны анық. Соңғы жылдары саланың материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі, төтенше жағдайлардың алдын алып, адам өлімі мен материалдық шығын көлемін азайтуға мүмкіндік беруде.  Мұны әрине, департамент қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатында әкімдіктер мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен және жеке адамдармен жылу беру маусымы барысында бірігіп өткізген шаралардың нәтижесі деуге де болады.
Дегенмен, жалпы облыс бойынша өрт оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда аз тіркелгенімен, кейбір аудандарда бұл көрсеткіш керісінше өршіп отырған көрінеді. Адам өліміне әкеп соқтыратын тілсіз жаудың бел алуына негізінен, мас күйінде темекі тұқылын дұрыс сөндірмеу, отты абайсыз пайдалану, пеш және электр желісі құрылғыларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің дұрыс сақталмауы себебінен болып отыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің басшысы Денис Шелкоплясов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда,  
2016 жылдың басынан облыс аумағында барлығы 563 өрт оқиғасы тіркелген екен.
– Жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің дұрыс сақталуы маңызды. Өйтпеген жағдайда адам шығынына әкеліп соқтыратын қайғылы жағдай орын алатыны анық. Мәселен, жыл басынан бері өрттен 16 адам көз жұмды, 91 миллионнан астам теңгеге материалдық шығын келді. Адам өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары болып отыр, – дейді Денис Шелкоплясов.
Сонымен қатар, ыстан улану оқиғасы да өршіп тұрғаны сөз болды. Мұндағы оқыс оқиғалардың дені жер үйлердегі пештердің ақауы салдарынан туындап отыр.  Осы мақсатта  департамент қызметкерлері облыс аумағындағы тұрғын үйлерге барып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде ескерту жасау жұмыстарын қолға алған.
Брифинг барысында көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында қауіпті елді мекендер мен жолдарды қардан тазарту, мереке, боранды күндері жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі айтылды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар