Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келешек жастардың қолында - АРҚА АЖАРЫ

Келешек жастардың қолында

«Нұр Отан» партиясының мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Кистин мен Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мәди Елубаев Көкшетаудағы «ЕНКИ» кірпіш зауытында болып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында  және «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде айтылған міндеттер бойынша жастармен кездесті.

 

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен шара барысында облыстық мәслихаттың депутаты, «КамАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Кистин «Мәңгілік ел» патриоттық актісінде айтылған міндеттерді жүзеге асыруда отандық өнімге зор көңіл бөлініп отырғандығына тоқталды.
– Біз өнеркәсіп үшін құрылыс материалдарын, яғни, Қазақстанда  жасалынған өнімдерді шығаруымыз қажет. Бізде шикізат жетерлік. Осы ретте, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен оған қарап бой түзеп келе жатқан қалаларда құрылыс қарқыны артуда. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып қалған дұрыс, – дей келе, Сергей Кистин Елбасы осы ретте жастарға үміт артып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев еңбек нарығындағы жағдайымен, Ұлт жоспары туралы өзінің ой-пікірімен бөлісті. Ал, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының маманы Айжан Қажкенова халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде банк тарапынан мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, тезірек бас-паналы болу үшін бүгінгі күннен бастап, депозит ашқан дұрыс.
– Қазір біздің банкте акция жүріп жатыр. Бастапқы кездегідей депозитке ақшаңды салып, үй кезегін келгенше тосудың қажеті жоқ. Қолданыстағы өзіңе қажетті үйдің ақысының жартысын жинап пәтер сатып алуыңа болады. Ол үшін тек банктің талаптарын ескеріп, соған сәйкес пәтер іздеген дұрыс, – деді банк қызметкері.
 Кездесу барысында  кірпіш зауытының жастары өз аттарына депозит ашты. Осы орайда, зауыт басшылығы келешекте өз жастарына үй салуды жоспарлап отырған көрінеді. Сонымен қатар, кәсіпорында «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесін ашу ұсынысы да айтылды.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар