Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы елімізде тұрып жатқан әр адам үшін құнды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен мемлекетіміз осы кезең ішінде көп жетістіктерге жетті.
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың биік сатысына жетелейтін жаңа қадам. Ал, мәңгілік елге айналуымыз үшін тұғырлы тәуелсіздікті сақтай отырып, елдігімізді нығайту қажет.
Біздің Ақмола облысында тұрып жатқан әртүрлі этнос өкілдерінің өз тіліміз бен оның тарихын, салт-дәстүрін жаңғыртуға жан-жақты мүмкіндігіміз бар. Өз жұмысымыз жайлы кеңірек айтар болсақ, арнайы жастар клубы ашылып, онда көп жұмыстар атқарылуда. Аталмыш клубта жастарға аға ұрпақ өкілдері неміс халқының ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін, тарихты қадірлеуге баулиды. Осы орайда, біз «Өткенсіз, болашақ жоқ» деген ұранмен жұмыс істейміз. Тарихи отанымыздың мәдениетімен ажырамағанымыз Қазақстан Республикасының сындарлы саясатының арқасында деп білемін. Сол үшін де қазақ халқына айтар алғысымыз шексіз.
Қазіргі таңда әлемде түрлі соғыстар болып жатқанда, бейбітшіліктің қандай бақыт екенін ұғынуымыз керек. Елбасымыздың ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі – осы жаһандық ынтымаққа жол ашатын теңдесі жоқ құжат болып отыр. Мәңгілік ел атану үшін атқарар жұмыстар көп. Соны жүзеге асыру мақсатында 1997 жылы елордамыз Астана қаласында Рухани келісім күні алғашқы рет аталып өтіліп, ізгілікке ұмтылған мемлекет ретінде барлық әлемге танылдық. Мұның өзі елімізде рухани келісім мен бірлікке үлкен көңіл бөлетіндігіміздің айғағы.
.Светлана КОРНЕЕВА,
облыстық «Видергебурт» неміс қоғамының төрайымы.