Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігі туралы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігі туралы

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процедурасына көзқарасы едәуір деңгейде өзгерген. Осылайша Ұлттық Банк 57  мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін (аумақтық филиалда – 4 түрін) көрсетеді, оның ішінде 38-і электронды/қағаз түрінде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін келген жеке және заңды тұлғалар.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнамаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құқылы. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға болады. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы толық және анық ақпарат алуға құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушылар орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылы.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірнеше түрлері бар, оның ішіне көрсетілетін қызметті берушілердің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сондай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсетуі кіреді.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары  мен регламентінде белгіленген.
 Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша көрсетілетін қызметті алушы интернет желісіне  қолжетімді болған жағдайда, орналасқан орнынан тәуелсіз  (жұмыста, үйде және т.б.) «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) порталы  арқылы  Ұлттық Банктің кез-келген мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілуіне өтініш беруді жүзеге асыра алады.   Көрсетілетін қызметті алушылардың тек компьютерде жұмыс істеу дағдысы болуы қажет.  
Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Ақпараттандыру туралы заңнамада электрондық нысанда көрсетiлетiн, яғни, ақпараттық технологиялар қолданылатын мемлекеттiк қызметтер, автоматтандыру дәрежесi бойынша толық автоматтандырылған және iшiнара автоматтандырылған болып бөлiнедi. Қызмет көрсету процесiнде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет толық автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет болып табылады. Қызмет көрсету процесiнде қағаздағы және электрондық құжат айналымының реттiлiгiн қамтитын, электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет iшiнара автоматтандырылған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет болып табылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiшi пайдаланушылардың сауал салуы негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес  мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру өз кезегінде Қазақстан Республикасының  «электрондық үкіметін» дамыту шеңберінде басталған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйенің міндеті лицензиялау процестерін автоматтандыру және мемлекеттік органдар – лицензиар-органдар мен бизнес-қауымдастығы – Қазақстан Республикасының қоғамы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тетігінің тиімділігін, ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін құру және дамыту бойынша жобаның бастамашысы және кураторы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі (қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар етуге қатысты  ақпарат:
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастыру;
– жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасауы;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
– көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде ақпарат ұсыну бойынша жұмысты қамтамасыз ететін ақпараттық-анықтама қызметін көрсететін  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушылар Ұлттық Банктің интернет-ресурсының  (www.nationalbank.kz) «Ұлттық Банктің  мемлекеттік қызметтері»  бөлімінде   57 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрқайсысы  бойынша мынадай толық ақпаратты алуына болады.
1) Мемлекеттік қызмет паспорттары.
Ішкі бөлімде  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, атап айтқанда кім қызметті алушы болады, қызметті көрсету орны, қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің  мерзімі, нысаны және нәтижесі қысқаша сипатталады. Мемлекеттік қызмет стандартына сілтеме бар, Ұлттық Банктің, көрсетілетін қызметті берушінің  және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (іс-әрекетсіздігіне) шағымдану  тәртібі көрсетілген.
2) Мемлекеттік қызмет стандарттары  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге талаптарды анықтайтын, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің  сипаттамасы енгізілген   нормативтік-құқықтық актілер).
3) Қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті  берушінің іс-әрекетінің дәйектілігін схемалы  формата сипаттайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің  анықтамаларының жобалары.
4) Мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны, мемлекеттік көрсетілген қызметтерді алған адамдар саны, белгіленген мерзім бұзылып көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны, тоқсандар қиылымында көрсетілген қызметтерге адамдардың шағымдарының саны бойынша деректер көрсетілген, көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер.
5) ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі. Бұл есепте көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс жөніндегі ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету  барысын жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын  бақылау бойынша қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің одан әрі тиімділігінің перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына қанағаттануын жоғарылату бойынша ақпараттар ашылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар жыл сайын «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz), интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырады.
Сонымен қатар, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) «Бизнеске арналған мемлекеттік қызметтер»  («Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» – «Бизнеске») қосымша бетінде  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты  туралы ақпарат орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтерді автоматтандыру  негізінен сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын  төмендетуге, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органның лауазымды тұлғасымен тікелей қатынасын болдырмауға  бағытталғанын атап өткен жөн.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар