Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сергей Александрович ДЬЯЧЕНКО - АРҚА АЖАРЫ

Сергей Александрович ДЬЯЧЕНКО

2016 жылдың қазан айының 26-сы күні ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін 65 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Александрович Дьяченко өмірден өтті.
Сергей Александрович Дьяченко 1952 жылы қыркүйек айының 18-і күні Ақмола облысындағы Шортанды кентінде дүниеге келген.
1973 жылы Куйбышев жоспарлау институтының өнеркәсіп-экономика факультетін бітіріп, экономист мамандығын алып шыққан. 1987 жылы Алматы қаласында жоғары партия мектебін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Қазақстандағы демократиялық жаңғырту мәселелері» (саяси сараптама), жүзден астам ғылыми еңбектердің, кітаптардың, оқу әдістемелігінің және анықтамалардың авторы.  Еңбек жолын 1973 жылы Пенза облысындағы Кузнецк қаласындағы аспаптық жабдықтау және конденсаторлар зауытында инженер-экономист болып бастаған. Сол жылы КСРО Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеуге шақырылған. Әскери қызметін Ресей Федерациясының Приморье аймағындағы Қызыл тулы Қиыр Шығыс әскери округінде өтеген.
Әскерден соң туған өлкесіне, Қазақстанға оралған. Қызмет істеген алғашқы он жыл ішінде Шортанды аудандық партия комитетінің нұсқаушысынан, Қазақстан Комсомолы Орталық комитетінің екінші хатшысына дейін өскен.
1985-1991 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Көкшетау қалалық комитетінің бірінші хатшысы, 1990 жылдан халық депутаттары Көкшетау қалалық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.
1991-1993 жылдар аралығында Қазақ КСР Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болды. Қазақстан Республикасының туризм, дене тәрбиесі және спорт министрінің орынбасары қызметін атқарды.
1993 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында қызмет істеді. 1999 және 2005 жылдарда өткен Мемлекет басшысын сайлау науқандарында Алматы қаласы бойынша Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды.
2004-2007 жылдар аралығында үшінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2004 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды.
2006-2009 жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып сайланып, осы қызметті атқарды. 2007 жылдан 2010 жылға дейін төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болып сайланды. 2010 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.
2012 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қаңтарына дейін бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары болды.
2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін алтыншы шақырылымдағы  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болды.
«Парасат», бірінші дәрежелі «Достық», «Құрмет Белгісі» ордендері мен ТМД мемлекеттерінің «Достастық» орденімен, он медаль мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ақмола облысына басшылық жасаған кезінде Сергей Александрович аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Өмірден осындай талантты басшының, Отанының шынайы патриотының өтуі Ақмола облысы, барлық қазақстандықтар үшін зор қайғы.
Тамаша адам, біздің әріптесіміз бен досымыз Сергей Александрович Дьяченконың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгілікке қалады. Жатқан жері жұмсақ болсын.

Ақмола облыстық әкімдігі.
Ақмола облыстық мәслихаты.
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі. 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар