Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа туған баланы тіркеуге қатысты өзгертулер - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа туған баланы тіркеуге қатысты өзгертулер

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2016 жылғы 9 сәуірдегі №501-V-3РК Заңымен толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
188-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не ата-аналары немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелуіне қарамастан, осы кодексте белгіленген мерзімдерде тіркеуші органда жүргізіледі. Баланың тууын ата-аналары не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеген жағдайда, баланың туған жері болып осы елді мекен көрсетіледі».
189-бапта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен (бұрынғы редакцияда туған күннен бастап екі күн) кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен (бұрынғы редакция-да бес күн) кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.
Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. Баланың тууы туралы тіркеу белгіленген мерзімнен кеш (үш күн өтіп кеткеннен кейін) жүргізілетін болса, келесі құжаттарды қосымша тапсыру қажет: ата-аналардың түсініктемелері, баланың туған жері бойынша туылды деген жазбаның болмағаны және ата-аналарының тұратын жері туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама.
189-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған жағдайда, баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс».
Құрметті қала тұрғындары! Көкшетау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі сіздерден бала туу туралы тіркеу жүргізгенде жоғарыда көрсетілген мерзімді ұстануларыңызды өтініп сұрайды.
Әмина РАХЫМОВА,
Көкшетау қаласы  азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар