Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы өңірі даму жолында - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы өңірі даму жолында

Жақсы ауданының әкімі Қанат Сүйіндіков өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың тоғыз айындағы қорытындысы туралы айтып берді.

 

Қанат Отызбайұлының айтуынша, 2016 жылдың қаңтарынан қыркүйек айлары арасында ауыл шаруашылығында өндірген жалпы өнім көлемі
18 971,3 миллион теңгені құраған. Оның ішінде мал шаруашылығы 3 704,2 миллион теңгеге, егіншілік шаруашылығы 15 227,1 миллион теңгеге тең. Нақты көлемі индексі 110,6 пайыз немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 677,8 миллион теңге болды.
– Биылғы жылы аудан диқандары 609,9 тонна астық жинады. Агротехникалық шараларды ұтымды қолданудың арқасында гектар түсімі 14 центнерден айналды, – деп атап өтті аудан әкімі өз сөзінде.
Сонымен бірге, мал азығын дайындау мәселесі де сөз болды. Аудан шаруашылықтары мал қыстатуға әзір. Жоспарға сәйкес аудан бойынша 53,9 мың тонна шөп толығымен әзірленген. Аграрлы ауданда мал шаруашылығына зор көңіл бөлініп келеді. Оны биылғы жылдың тоғыз айында мал санының 4,8 пайызға артқанынан байқауға болады. Тірі салмақтағы ет өндірісі 2,8 мың тоннаны және сүт өндірісі 16,7 мың тоннаны құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 2016 жылғы 1 қазанда 1 583,1 миллион теңгеге жетті, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 1 қазанында аудандағы іргелі шаруашылықтар «Урожай» серіктестігінде 64,8 мың тонна ұн немесе 126,3 пайыз, нан-тоқаш өнімдері 173 тонна, кебек 23,6 мың тонна немесе 119,2 пайыз,  3,5 мың тонна дайын жемшөп өнімі өндірілсе, «Айбат» серіктестігінде сүт өндірісі 59 тоннаға артқан. Дегенмен, бұл салада кейбір кемшін тұстар да бар. Мәселен, ірімшік  өндірісі 7 тоннаға азайған. Айран мен бұқтырылған сиыр етін өндіруде де біраз кемшіліктерге жол берілген.
Ауданда шағын және орта бизнестің дамуында да оң көрсеткіштер байқалады. Қанат Сүйіндіковтың сөзіне қарағанда,   953 бірлік белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызмет етеді, ол 1687 адам немесе ауданның экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 14,5 пайызы (экономикалық тұрғыдан белсенді халық 11647 адам). Есепті кезеңде шағын және орта бизнес саласында 74 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ағымдағы жылы 61,1 миллион теңге бөлінген. Оған қоса, Жақсы ауылының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуге жалпы ұзындығы 2,5 шақырым (қиыршық тас төгу) ЖӨӨБ қаражаттар есебінен 3,2 миллион теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді. Арнайы қор қаражаты есебінен Белағаш, Қима және Запорожье ауылдарының жолдарын ағымдағы жөндеуге (жалпы ұзындығы 1 731 метр) 18,4 миллион теңге, аудандық бюджеттен 2 миллион теңге қосымша қаражат бөлінді.
Абаттандыру, санитарлық іс-шаралар, қоқыс шығаруға аудандық бюджеттен 2,6 миллион теңге, көшелерді жарықтандыруға 7,8 миллион теңге бөлінді. ЖӨӨБ қаражаттар есебінен Жақсы ауылындағы Түктібаев көшесі бойынша тротуар салуға 6,5 миллион теңге бөлінді, қаражат толық игерілді (ұзындығы 985 метрді құрады). 2016 жылы 2020 жылға дейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 18,5 миллион теңгеге 15 жоба іске асырылған. Брифингте айтылғандай жалпы жұмыссыздық деңгейі есепті кезеңде 4,9 пайызды құрады.
– Мәдениет саласында есепті кезеңде 424 мәдени-демалыс шаралары өткізіліп, 64 536 көрерменге қызмет көрсетілген. Іс-шаралардың дені ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған. Ағымдағы жылы 163 аудандық және 38 облыстық жарыстарға қатыстық. Барлық спорттық шараларға 19 623 адам тартылды. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны аудан бойынша 5 151 адамды немесе 26,3 пайызды құрады. Қоғамдық тәртіп бойынша аудан аумағында 217 қылмыс тіркелген. Ал, меморандумға келетін болсақ, 2016 жылдың 9 айындағы 18 келісім орындалды, 5-еуі орындалуда, 3-еуі орындалмаған, –  деп сөзін түйіндеді аудан әкімі. Баспасөз мәслихаты барысында журналистер аудан әкіміне өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар