Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғындарды пәтер мәселесі мен оталған ағаштың жайы толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғындарды пәтер мәселесі мен оталған ағаштың жайы толғандырады

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша келген тұрғындарды қабылдады.

Бұл жолы қоғамдық қабылдауға бірінші болып кірген Көкшетау қаласының тұрғыны Баян Әлжапарова өзі тұратын үйді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басында барлық құжаттар қалалық әкімдікке тапсырылған. Алайда, ол жақтан нақты жауап жоқ көрінеді.
Ал, Жолбарыс Әбішевтің айтуынша, Застанционный кентіндегі үйінің маңындағы ағаштарды «Көкше жылу» коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері жылу құбырына кедергі келтіреді деп отап тастаған көрінеді. Зейнеткер осы мәселесімен қалалық прокуратураға да барған екен. Заң органдары арызданушының өзіне рұқсатсыз ағаш отырғыздың деп, коммуналдық кәсіпорынның әрекетін заңды деп тапқан. Облыс әкімінің орынбасары ереже бойынша коммуникация жүйесінің маңына 2 метрден жақын ағаш отырғызуға болмайтынын түсіндіре келе, зейнеткер тұратын көшенің бойына жаңа жылу құбыры тартылып, кейін ағаш көшеттері рет-ретімен отырғызылатынын түсіндіріп айтты. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасовқа аталған жерге барып, қарияға мән-жайды нақтылап тағы бір ұғындыруды  тапсырды.
– Менің ашынатын себебім, ешкім ештемені нақтылап түсіндірмеді. Осыдан он екі жыл бұрын отырғызған 76 түп ағашты коммуналдық сала қызметкерлері бір сәтте отап тастады. Тіпті, прокуратураның өзі мені кінәлі етті, – дейді зейнеткер. Ал, «Көкше жылу» коммуналдық кәсіпорнының өкілі болса, жылу құбырларына кедергі келтірген ағаштарды амалсыздан кесуге тура келді дейді. Сондай-ақ, баспана мәселесімен келген Рүстем Ғаббасовтың пікіріне құлақ түрілді. Оның айтуынша, ол екі бауырымен жетімдер санатында. Бүгінгі күні Рүстемнің жасы 29-дан асқан. – Сондықтан, ол жетім ретінде баспана кезегіне тұра алмайды. Ал, өзінен кейінгі бауырларына пәтер кезегіне тұруына болады. Ол үшін тиісті құжаттарын жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек, – деп түсіндірді Владимир Балахонцев.
Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда коммуналдық төлемақы, тұрмыстық қалдықтарды сыртқа шығару мәселесі де сөз болды.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар