Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтаралық келісім – ел тұтастығының кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтаралық келісім – ел тұтастығының кепілі

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін нығайтатын рухани күш» деген тақырыпта дәріс оқыды.

Анатолий Башмаков жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, ұлттар достығы, рухани келісім, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы сияқты үлкен мәні бар тақырыптарда мазмұнды дәріс оқуды игі дәстүрге айналдырған. Осы жолғы кездесуге оқу орнының әкімшілігі Көкшетау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен мұғалімдерін де шақырыпты.  
Ең алдымен, Анатолий Афанасьевич жиналған қауымды тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Содан кейін ешбір мемлекетте баламасы жоқ, ұлттардың достығы мен бірлігінің институтына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кеңінен әңгімелеп берді. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне, өзге ұлттарға құрметпен қарайтын кеңпейілділігіне негізделген Елбасының салиқалы саясаты мемлекетіміздің дамуы мен қауіпсіздігіне бағытталған идеялардың тірегі екендігін атап өтті.
– Шет мемлекеттерде орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар мен ұлтаралық қақтығыстардың көріністері соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жиі айтылып та, көрсетіліп те жүр. Біздің мемлекетімізде ұлттық бірлік пен рухани келісімнің, ұлтаралық сыйластық пен татулықтың арқасында мұндай келеңсіз жағдайлар жоқ. Қазақ жерінде түрлі тарихи оқиғалардың құрбаны болып жер аударылған, кейін осында тұрақтап қалған өзге ұлттар қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық өнері мен мәдениетіне ерекше құрметпен қарайды. Қай елдің болмасын ұлттық салт-дәстүрі адамгершілік пен рухани тәрбиенің қайнар көзі. Тоқырау жылдарында өзге ұлт өкілдері арасында өздерінің тарихи отандарына кеткендер аз болмады, алайда ондағы халықтың менталитеті мен таным-түсінігіне үйрене алмай, қазақ еліне қайта оралғандары да аз емес.
Бүгінде әлем елдерінің басшылары ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, мемлекеттің тұтастығын сақтау, ұлтаралық қарым-қатынастар жайында ақылдасып жататындығы қазақстандықтардың мерейін үстем етеді – дей келе, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков  елімізде құрылған Дін істері және азаматтық қоғам, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері туралы да айтып берді.

Ырысалды Шамшиева.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар