Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәртіп сақшылары тұрғындармен жүздесті - АРҚА АЖАРЫ

Тәртіп сақшылары тұрғындармен жүздесті

Жуырда  аудандық ішкі істер бөлімінде полиция қызметкерлерінің жергілікті тұрғындармен кездесуі болып өтті.

Облыстық ішкі істер департаменті мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы бірлесіп өткізген бұл шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Байділдина, «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рақым Түлкібаев, облыстық  ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұратбек Мұстафин, аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ермек Медеубаев және басқа да мүдделі адамдар қатысты.  Кездесуде Ермек Медеубаев аудандағы тәртіп сақтау жағдайы, жолдардағы ахуал тұрғысында баяндама жасады. Баяндамада атап көрсетілгендей, ауданда қылмыс саны біршама азайғанмен, жекелеген тәртіп бұзушылықтар, жол ережесін бұзу, кейбір жолдардың талапқа сай еместігі біраз қиындықтар туғызып тұр. Сондай-ақ, жекеменшік иелерінің малдарын қараусыз қалдыруларының салдарынан әсіресе, ірі қара малдардың күре жолдарда қауіп төндіретіндігі айтылды. Тіпті, бірнеше рет малдардың жолда машиналарға соқтығысып, апатты жағдай туындатқандығы да кездескен.
Әрине, жергілікті полиция қызметі бастығының аудандағы жалпы жағдайға тоқталып өткені дұрыс. Сайып келгенде, тұрғындар да орын алған оқыс оқиғалардан хабардар болуға тиіс. Ал, ең бастысы, полиция қызметкерлерінің жолда немесе жұмыс кабинеттерінде емес, осылайша кездесулер өткізіп, тұрғындармен емен-жарқын әңгіме өткізулерінің пайдасы зор екендігі ақиқат. Себебі, шараға жиналған тұрғындардың басым көпшілігі өздерінің көкейлерінде жүрген ойларын айтып, пікір білдірулері полиция қызметкерлерінің өз жұмыстарын жандандыра түсулеріне ықпал ететіндігі ақиқат.
Кездесу басталғанда жиналғандардың басым көпшілігі аса белсенділік таныта қоймағанымен, бұл жай ғана жиын емес, пікір алмасуға, ойлары болса ортаға салуға бағытталған кездесу екендігін түсінген соң түрлі сұрақтар да қойыла бастады. Әр сала бойынша мамандар қабылдау өткізген кезде тұрғындар біраз мәселелер бойынша толыққанды жауап алды деуге болады. Бұл тұрғыда тұрғындармен кездесуге тек тәртіп сақшылары ғана емес, «Қазавтожол», облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының  да қатысуы шараның мәнін аша түсті. Шынында да, «бет көрсе жүз ұялады» демекші, шара соңында  тиісті мамандар тұрғындарды жеке қабылдаған кезде көптеген сұрақтардың шешімі табылды деуге болады.
Әрине, бір кездесуде орын алып отырған олқылықтардың бәрінің орнын толтыру мүмкін емес. Дегенмен, мұндай халықпен етене араласып, олардың мұң-мұқтаждарына көңіл бөліп, мүмкіндігінше көмек көрсету полицияның беделін арттырып қана қоймай, біраз тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға да сеп болады деуге негіз бар.
Кездесуде сондай-ақ, Мұратбек Мұстафин аудан орталығындағы №5 мектептің мұғалімі Елизавета Чугуеваны «Жол жүру ережесі пәнінің үздік мұғалімі» мәртебесімен, «Ақмол-2007» автомектеп жетекшісі Мәулен Тасболатовты «Үздік мектеп жетекшісі» және  Керім Ілиясовты «Үздік жүргізуші» номинациялары бойынша марапаттады. Жол ережесіне байланысты мәселелермен айналысатын осындай мамандардың еңбектерін арнайы атап өту де полиция қызметі мен тұрғындар арасындағы тығыз байланысты нығайта түседі деп  ойлаймыз. Сайып келгенде, мұндай шаралардың пайдасы екі жаққа да мол. Сонымен қатар, тұрғындардың полиция қызметкерлерін тек жазалаушы орган деген түсініктен арылуға септігін тигізері анық.

Талғат ҚАСЕН.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар