Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірегей оқу орны - АРҚА АЖАРЫ

Бірегей оқу орны

Өткен тарихымызда, әсіресе, тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдардағы тарихымызда мақтаныш етер жайлар аз емес. Ең бас-тысы, еліміз тәуелсіздігін алумен бірге, заман талабына сай көптеген жаңа құрылымдар құрылып, мемлекетіміздің  дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Солардың бірі – төтенше жағдайлар қызметі.

 

Биылғы жылы төтенше жағдайлар қызметі саласының жеке құрылым ретіндегі жылнамасына 21 жыл толды. Кеңес заманында төтенше жағдайлар ісі әртүрлі салалық министрліктер мен водомстволардың құрамында болып келді. Әр ведомствоның өз төтенше жағдайлар қызметі болды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде жаңа заман талабына сай қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік салаларда қайта құрулар жүзеге асырыла бастады. Бұрын әр ведомствоның құрамында жүрген төтенше жағдайлар қызметін біріктіріп, біртұтас толымды жүйе құру қажеттігі туды. Осыған орай, Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 Жарлығына сәйкес еліміздің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлары мен азаматтық қорғанысы саласында уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті  құрылды. Кейінірек агенттік болып өз алдына отау тіккен төтенше жағдайлар қызметі 2004 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік болып қайтадан жаңғырды. Осылайша тәуелсіз Қазақстан халықты түрлі табиғи, басқа да апаттардан қорғайтын толымды қызмет саласын қалыптастырды.
Жаңа құрылым үшін ең маңызды мәселелердің бірі білікті мамандармен қамтамасыз ету жайы болды. Бұл мәселені шешу үшін қажетті мамандармен қамтамасыз ететін отандық жоғары оқу орнын құру керек еді.  Сөйтіп, бүгінде төтенше жағдайлар саласын жоғары білікті маман офицерлермен қамтамасыз етіп отырған іргелі оқу орны – Көкшетау техникалық институтының іргетасы отандық төтенше жағдайлар қызметінің қалыптасуымен қатар жүргізілді. Оқу орнын  өртке қарсы қызмет полковнигі, техника ғылымдарының докторы  Сырым Шәріпханов басқарады.
Аталмыш оқу орнының тарихы өткен ғасырдан, кеңес заманынан бастау алады. 1973 жылы Алматыдан ҚазКСР Ішкі істер министрлігінің әскериленген өрттен қорғау оқу отряды Көкшетауға ауыстырылды. Алғашында ол Көкшетау қаласының іргесіндегі Станционный кентінде болды. 1977 жылы әскериленген оқу орны қаланың орталығындағы үш қабатты ғимаратқа көшірілді.
Сол жылдарда республикамызда өртке қарсы қызмет мамандарының тапшылығы байқалған еді. Осы мәселені шешу мақсатында ҚазКСР Ішкі істер министрлігі Көкшетаудағы оқу отрядының базасында 11 айлық бастауыш құрамды даярлайтын курс ұйымдастырды. 1980 жылы оқу орнының 4 қабатты жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді.
Сол тұста еліміздегі өртке қарсы күрес мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны болған оның бағы еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана жанды. 1995 жылы төтенше жағдайлар қызметі өз алдына отау құрып, комитет болған кезде саланың жұмысын жүргізетін білікті мамандар даярлау қажеттігі туындады. Осыған орай сол жылы бұл оқу орны ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесінің филиалы болып құрылды. 1997 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Жарлығымен аталмыш оқу орны өртке қарсы және апаттан құтқару жөніндегі Көкшетау жоғары училищесі болып қайта құрылды. Енді ол филиал емес, жеке оқу орны болды.
1998 жылы қаңтар айында оқу орнында сырттай оқу бөлімі ашылып, жұмыс жасай бастады. 1999 жылдың 30 маусымындағы ҚР Үкіметінің қаулысымен жоғары училище  ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып құрылды. Институт мынадай мамандықтар бойынша мамандар даярлайды: «өрт қауіпсіздігі» жоғары білімді мамандығын «әскери іс және қауіпсіздік» академиялық бакалавры дәрежесімен, «төтенше жағдайлардан қорғау» және «азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күші» жоғары мамандықтары. Сондай-ақ, техникалық институт мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жоғары басқарушы құрамын және басқа да түрлі дәрежедегі мамандарды қайта даярлауды жүргізеді. Оқу орны сонымен бірге, білім жетілдіру оқуларын өткізуге де атсалысады. 1997 жылы жеке оқу орны болып құрылған кезден бастап Көкшетау техникалық институты 4 мыңға жуық жоғары білімді әрі білікті мамандар даярлаған екен. Осы кезеңде оқу орнының 99 түлегі үздік бағамен бітірді. Оған қоса, осы жылдар ішінде техникалық институт төтенше жағдайлар қызметі саласының 1,5 мыңдай мамандарының білімдерін жетілдірді.
Қазіргі күні оқу орнында өз салаларын жақсы білетін білікті оқытушы мамандар жұмыс жасайды. Атап айтқанда, 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 1 доцент, 34 магистр оқу-тәрбие жұмыстарымен айналысуда. Ғылым институт жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылатындықтан, онда жыл сайын Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіліп, «КТИ Хабаршысы» атты ғылыми мақалалар журналы басылып шығады. Бұдан басқа институтта курсанттардың ғылыми шығармашылығына арналған 8 үйірме жұмыс жасауда.
Азаматтық қорғаныс саласының кәсіпқой мамандарын даярлаудың басты бағыттарының бірі – дене шынықтыру мен өртке қарсы техникамен жұмыс жасаудың амалдары мен тәсілдеріне үйрететін өрт-құтқару спорты. Институт өз қызметі кезеңінде 1 халықаралық спорт шеберін, 26 спорт шеберін, 46 спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының 9 жүлдегерін, 3 Азия чемпионын дайындап шығарды. Бүгінгі таңда Қазақстанның өрт-құтқару спорты бойынша құрама тобында институттың 8 түлегі оқу ордасының намысын қорғап жүр.
Қазір оқу орнының заман талабына сай жабдықталған екі оқу-зертханалық ғимараты, бес қабатты жайлы жатақханасы, 400 орындық асханасы бар. Курсанттарға білім алуға барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай жарақталған 20 оқу-техникалық кабинет,  200 орындық акт залы, екі компьютер сыныбы, екі кітапхана, спорт залы қызмет көрсетеді.
Бүгінгі күні оқу орнының күндізгі бөлімінде 490 курсант оқып, білім алуда. Оқу түгел мемлекет қаржысы есебінен тегін оқытылады. Курсанттардың оқу кезеңі ішкі әскери ережеге сай жүргізіледі.
Курсанттар оқу орнының ғана емес, қала, облыс деңгейіндегі көптеген мерекелік көпшілік шараларға үнемі белсене қатысып қана қоймай, институттың жеке құрамы  қалалық, облыстық әрі республикалық көлемдегі түрлі әскери рәміздердің және Астана қаласында өткізілетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шерудің де тұрақты қатысушысы.  Көкшетау техникалық институтын бітіріп шыққан түлектердің арасында өздері оқыған оқу орнының атын шығарып жүрген білікті мамандар, қызмет баспалдағымен биіктерге көтерілген басшылар көп.
Институт түлектері өз қызметтік борышын адал орындап, ұлттық қазынаны өрттен қорғап, Қазақстан Республикасының аймағындағы ғана емес, сонымен қатар, жақын және шетелдердегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады.

Суретте: Көкшетау техникалық институтының бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Сырым Шәріпханов; техникалық институт қызметкерлері Жеңіс мерекесі күнгі шеруде.

Жанат Сәбитов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар