Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шолпы іздеп жүрмін!.. - АРҚА АЖАРЫ

Шолпы іздеп жүрмін!..

Қазақ жастары ұлттық құндылықтарға қызықпайды дегенді жиі естиміз. Дегенмен мен секілді қазақтың ұлттық әшекейіне қызығушылық танытатын қыздардың көп екендігіне сенімдімін. Сол әшекей бұйымдарды киіп жүрейін десең, сатылымнан таба алмайсыз, иә болмаса, бағасы тым қымбат.

Дүкен сөресінен шолпы сатып алайын деп әдейі аудандағы сауда орындарын араладым. Жасырары жоқ, ауданда мұндай заттар көп сатыла бермейді. Әшекей заттар сататын сауда орындары тек қалада болады дегенді ескерсек, ауылдағы қыз балаларға шолпыны тағу арман сияқты. Бұрынғыдай әжеден келінге, келіннен қызға сандықта сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп сыйға ұсынылатын әшекейлер жоқ қой қазір. Тіпті, қаладағы арнайы сауда үйлеріне жолың түсе қалғанның өзінде шолпының  не екенін  сатушыға түсіндіріп, әлек болатыныңыз бар. Шолпысы сыңғырлаған қазақ қызының сұлулығына не жетеді, шіркін! Инабаттылығы мен имандылығы, кісілігі мен кішілігі нұр жүзінен төгілетін қазақ қыздарының ақылы мен көркіне лайықталған сыңғырлы шолпыда сыр жатыр ма дерсің…
Шетелде емес, өз елімізде жүріп, ұлттық нақыштағы бұйым қолымызға түспейтіні жанды ауыртады. Көшеде ұлттық киімді кимейді, әр қазақтың төрінде домбыра ілінбейді, қыздарымыздың шашы шолтиған, шашбаулы қыз көрінбейді дейміз. Ал, осы ұлттық құндылықтарымыздың бағасы удай қымбат болса, кім сатып алады? Саудадағы бағаны түсіру үшін бәсекелестікті күшейту керек. Бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, жүйелі бағдарлама жасалғаны дұрыс деп ойлаймын. Бәсекелестікті дамыту үшін ұста-шеберлердің мүмкіндігін арттыру, кәсіби мамандарды даярлау ісін жүзеге асыру қажет. Әй, бірақ қым-қуат қу тірліктен аса алмаймыз көбіміз. Әлі де болса, шолпы таққым келеді, шіркін! Шолпы іздеп жүрмін!..

Жайнагүл ТАМБАЙҚЫЗЫ.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар