Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сырлы сазбен тербелген - АРҚА АЖАРЫ

Сырлы сазбен тербелген

Өнерлі жастар қаулап өсіп келеді. Талаптың тұлпарына мінген олардың алғашқы талпынысы үміт күттірерлік.  Таяуда ғана «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен  «Өнерге қанат қаққандар» атты кеш салтанатынан көрермен осындай ой түйді.                

 

Кештің көрермендері де аз болған жоқ. Себебі, бұл кештің  ерекшелігі – өнер өлкесіне енді қадам басып жатқан жас өрендердің  қатысуында  еді. Республикалық, халықаралық байқауларда көрініп  жүрген  әншілер мен бишілер де  өнер көрсетті.  Кештің шымылдығын «Көкшетау» халықтық би ансамблі ашып, бірден көрермендердің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, концерт  барысында  әуезді әндер шырқалып, күмбірлі күйлер шалқыды. Өнерпаздар армян, орыс, моңғол халықтарының ұлттық  билерін билеп, әндерін де әуелетті.  Кешті одан сайын жаңдандыра түскен «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің «Сүйінші» биі еді. Себебі, осы  би арқылы биші қыздар қазақ халқының   салт-дәстүрлерін  әдемі көрсете білді. Өнер – жұтамайтын азық,  таусылмайтын  байлық. Ал, тәңірдің берген дарынын жасырып қалмай, оны қалың көпшілікке көрсете білу де өнер.  Мәселен, «Жұлдыз» вокал студиясының әншілері   «Тек алға» әнін орындап,  талғамы биік тыңдарманының көңілдерінен шықты.
Кештің соңында барлық  өнерпаздар «Бір үйдің баласындай» әнін орындап,  ұлттар мен ұлыстар ынтымақ пен бірлікті нығайтып, бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатқандығын паш етті.

Назгүл РАБИЛОВА.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар