«Нұр Отан» партиясының «Қадағалау» бастауыш партия ұйымы түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысуды дәстүрге айналдырған.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ұжымынан құралған бастауыш партия ұйымы қыркүйек айында «Отбасын қолдау» апталығы аясында көп балалы ана Жұлдыз Ахметовамен кездесіп, материалдық көмек көрсетті. Ал, қазан айында Мағрипа мен Махмет Хасеновтардың отбасында болып, жылы лебіздерін білдірді және сый-сияпатын жасады. Сондай-ақ, өткен айда «Қадағалау» бастауыш партия ұйымының белсенділері «Қан тапсырып – өмірді құтқар» акциясына донар ретінде қатысып, қан тапсырды. Бастауыш партия ұйымының мүшелері мәдени-көпшілік шараларға да әрдайым белсене қатысып отырады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.