Берген Маратұлы Беспалинов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін саясаттанушы, 2004 жылы заңгер мамандықтары бойынша, 2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша оқып бітірді. Кейін Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызметі академиясында, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару акаде-миясында білім алды.
Мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2002 жылы бастап, Зеренді ауданы әкімінің көмекшісі, Ерейментау ауданы әділет басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бо-йынша департаментінің бөлім басшысы, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті. 2011-2015 жылдары Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары -Тәртіптік кеңес төрағасы, ал, 2016 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында осы Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып қызмет атқарды.