Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біздің сүт өнімдеріне сұраныс мол - АРҚА АЖАРЫ

Біздің сүт өнімдеріне сұраныс мол

62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансферті үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

 

Бүгінгі таңда елімізді отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде фермерлік, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында Үкіметке бірқатар міндеттер жүктегені белгілі.
Қазіргі кезде отандық азық-түлік нарығында әсіресе, сүт өнеркәсібінің алар орны ерекше. Қашаннан «ақ мол болсын» дейтін қазақ ақтың қадірін жан-жақты білген ғой. Дегенмен, дәл қазір еліміздегі кез-келген базарлар мен дүкендердің сөрелеріне көз жүгіртсең онда әсіресе, Кедендік одаққа мүше Ресей мен Беларусь елдерінен тасымалданатын сүт өнімдерінің үлесі басым екенін көресің. Өз тұтынушысын тапқан бұл өнімдер Қазақстан нарығында жамбастап жатып алған сыңайлы. Енді оны ығыстырып шығарудың өзі оңайға соқпасы анық. Осы орайда,  көршілерден келіп жатқан сүт өнімдерінің сапасы сын көтереді деп тағы да айта алмаймыз. Өйткені, олардан келетін сүт өнімдері табиғи шикізат өңдейтін еуропалық жоғары технологиялы құрал-жабдықтар арқылы дайындалатын көрінеді. Бұл сүт өнімін айтарлықтай ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Ал, сүт неғұрлым көп уақыт сақталатын болса, соғұрлым оның құнарлығы да төмен болады дейді мамандар.
Кейбір  деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын шамамен 5 миллион тоннадан аса сүт өндіріледі. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруашылық салаларының нақты тұтынуларын қамтамасыз етуі керек. Алайда, қазір жағдай мүлдем олай емес. Мәселен, мал шаруашылығы қарқынды дамыған Ақмола облысының өзінде сүтке деген сұраныс жоғары.
Бүгінгі таңда біздің жарты ғасырдан астам тарихы бар Көкшетау сүт зауыты да осы үрдістен шығуда. Біздің ірімшіктер мен балмұздақтар дәмін татқан адамдардың тілін үйіреді десек мақтанғандық емес. Осы күні қаймақ, құрт тәрізді сүт өнімдерінің 30 түрін шығарамыз. Әсіресе, ірімшік пен балмұздақтың құлпынай, қарақат, киви және француздық түрлеріне сұраныс жоғары. Өнімнің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Көкше өнімдері Астана қаласы мен еліміздің жеті облыс орталығына, Ресейдің Омбы қаласына шығарылады.
Екі жүзден астам адам еңбек ететін кәсіпорында соңғы бірер жылда өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алып отырмыз. Мемлекеттің кең көлемді қолдауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, былайша айтқанда, кластерлік қадамдарға ден қоюдамыз. Осы бағытта биылғы жылы өндірісті кеңейту үшін 25 миллион теңге көлемінде инвестиция салдық. Бұл қаржыға құрал-жабдық сатып алынып, балмұздақтың қосымша жаңа 6 түрін шығару көзделген. Оған қоса ірімшіктің де жаңа бірнеше түрі шығарылатын болады. Зауыт өнімдерін тұрғындар әлі күнге айрықша сұраныспен сатып алады.
Қазіргі кезде сүтті Көкшетау қаласынан 250 шақырымдық аумақтағы ауылдардан алдыртудамыз. Оның ішінде көрші Солтүстік Қазақстан облысының іргелес аудандары тұрғындарының 80 пайызы сүттерін біздің зауытқа тапсыруда. Жай күндері 30 тонна сүт жеткізілсе, жаз айларында оның көлемі
50 тоннаға жетеді.
Елбасы Жолдауында «Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды» деп атап өткен болатын. Расында да, ел экономикасында елеулі орын алатын ауыл шаруашылығы саласын өркендету мемлекеттік маңызы бар мәселе ретінде қаралуы орынды. Сондай-ақ, мұның өзі ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Аграрлық аймақ саналатын астаналық облыста ауыл шаруашылығы саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келеді. Бұған облыстың соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласының дамуы бойынша республикада алдыңғы лектен көрінуі айқын дәлел.  Салаға Үкімет тарапынан қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың көмегі зор деуге болады.  

Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
«Көкшетау сүт зауыты»
ЖШС директоры,
облыстық мәслихаттың депутаты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар