«Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы Заңының алтыншы бабын, «Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылғы қаулысын, «ҚР Үкіметінің 2000 жылғы қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР 2005 жылғы қаулысын орындау мақсатында облыс бойынша кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі және азық-түлік себеті жөнінде мәлімет беруді жөн көрдік.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша биылғы жылдың ІІІ тоқсанында облыс аумағында орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 21645 теңгені құрады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына сәйкес 2016 жылдың ІV тоқсанында кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталады. 21645 теңге*40 пайыз=8658 теңге, азық-түлік себеті ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мөлшерінде анықталады. 21645 теңге * 60 пайыз= 12987 теңге.
Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары.