Әртүрлі мәселемен келген азаматтарды Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев қабылдады. Ол келушілерге Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, әр азаматтың өтініш-тілегі мұқият ескеріліп, бақылауда ұсталатындығын айтты.
Мәселен, қабылдауға келген «Kazakhstan Innоvation» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәриям Әбішева «Оқжетпес» футбол командасының алаңы қала тұрғындарына белгіленген уақытта пайдалануға берілсе, салауатты өмір салтын ұстанушылар да көбейер еді деген ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау барысында денсаулық сақтау, әлеуметтік сала бағытындағы өзге де сауалдарымен келген азаматтардың барлығының өтініш-тілектері тыңдалып, әр мәселе бойынша мамандардың тұшымды жауап беруіне күш салынды.
Назгүл РАБИЛОВА.