үкіметтік емес ұйымдар құлағдар болды
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану соттардың жұмысын ашық және қолжетімді етеді. Қазіргі уақытта сотқа бұрынғыдай пошта арқылы шақырту жолдамай, ұялы телефонға СМС хабар жіберу тәжірибесі кең қолданылуда. Бұл бір жағынан арзанға түссе, екіншіден жедел және сенімді. Бүгінде сот мәжілістері түгел бейне, дыбыс жазбаларға жазылады. Мұның өзі заңды бұрмалаушылықтарға жол бермей, сот мәжілістерінің қатаң заң шеңберінде өтуіне игі ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, соңғы жылдары пайдалануға енгізілген «Сот кабинеті» сервисі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға оң ықпалын тигізуде. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Сергек Баймағамбетов жиналғандарға сот саласындағы жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылуы жа-йында жан-жақты әңгімелеп берді және қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.