Жеңіс тұғырынан көрінді
Аталмыш жарыста Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының жас өрендері өзара бақ сынасты. Біздің облысымыздың атынан Бурабай ауданының «Арман» оқу-тәрбие жұмысы мектептен тыс орталығының «Намыс» әскери-патриоттық клубы қатысты.
Жалпы жарыс барысында 16-17 жастағы жеткіншектер ересектер тобына кірсе, 14 пен 15 жас аралығындағы балалар кіші топта болды. Олар қоян-қолтық ұрыс, пневматикалық тапаншамен оқ ату бойынша сынға түсіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ойынның қорытындысы бойынша ересектер де, кіші топ та бірінші орынға ие болды.
Назгүл РАБИЛОВА.