Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарттарға қолайлы жағдай жасалған - АРҚА АЖАРЫ

Қарттарға қолайлы жағдай жасалған

Малотимофеевка дәрігерлік-әлеуметтік мекемесі Астанадан 25 шақырым қашықтықта орналасқан.

Іргетасы сонау  1968 жылы қаланған ғимарат 146 адамға арналған типтік үлгідегі мекеме. Мұнда осындағы қарттарға, жалғыз қалған адамдарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Білікті дәрігерлер адамдарға мекемеде орнатылған қазіргі заманғы құрылғылардың көмегімен сапалы  медициналық  қызмет көрсетеді, әрі  психологиялық тұрғыдан да жәрдем жасайды.
Мұнда жұмыс істеуге лайықталған арнайы шеберханалар да бар. Онда әрбір жұмысқа ынталы жандар өздері қалаған іспен айналыса алады. Ерлер әртүрлі материалдардан сан алуан заттар, мүсіндер жасап, ғимараттың аумағын тазартуға атсалысады. Мекеме жанында 3 жылыжай бар, онда көкөністер өсіріледі.
Қамқорлыққа алынған егде немесе мүгедек адамдар  спорттық жарыстарға, спартакиадаларға, конкурстарға жиі қатысады.  Арнайы жаттығу залдары  да бар. Көркемөнерпаздар үйірмесі де жұмыс істейді.  Медициналық-әлеуметтік мекеме жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ең соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2001 жылы жүргізілген. Ғимараттың жылу жүйесі әбден тозған. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мекемені жөндеуге 200 миллион теңге бөлініп отыр. Сәуір айынан бері мекемеге Сәкен Жекебаев  басшылық етіп келеді. Ол өз міндетіне кіріскеннен бері қарттар үйінің аумағы мен село маңайы абаттандырыла бастады. Ең бастысы, ойқы-шойқы болған тас жол тегістелді.   Көп іс тындырылды, алайда атқарылар  жұмыстар әлі де жетерлік.
Қарттар үйінде ешкім де қағажу көрмейді, көңілдерін мұң шалмайды.  Өйткені, мұнда жайлы тұрмыс пен мазмұнды демалысқа  барлық жағдай жасалған.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар