Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпсіздікті сақтамаса, өрттің шығуы оңай - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпсіздікті сақтамаса, өрттің шығуы оңай

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының аға инженері Абылайхан Шәріпов тілсіз жаудың алдын алу, осы орайда қауіпсіздікті сақтау мәселелері туралы  баяндады.

Бұл жиынға облыс орталығындағы орта мектептер басшыларының орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аға инженер алдымен, «Адам көп келетін нысандардағы өрт қауіпсіздігі», «2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымы» және «Өрт қауіпсіздігі аудиті» тақырыптарында баяндама жасады.
Ол өз сөзінде өрт қауіпсіздігі жөнінде қала тұрғындарын ақпараттандыруға және оқытуға үлкен назар аударылатындығын айтып өтті. Мәселен, биылғы жылы қала аумағында жүз мәрте өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шығын 780 мың теңгені құрады. Өрт кезінде бір адам бақилық болды. Ал, өткен жылдың 10 айында 133 рет өрт шығып, сөндіру үшін 2 миллион 910 мың теңге жұмсалған. Бес адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Өрт көбінесе тұрғын үй секторы, өндірістік нысандар мен автокөлікте орын алады.
Тұрғын үй секторында 61 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жалпы өрт санының 57 пайызын құрайды. Өрт жұмыс ережесін бұзудан, электр қондырғыларын  дұрыс пайдаланбаудан, балалардың отпен ойнауынан шығады. Сондықтан, өрт қауіпсіздігі шараларын тұрғындарға үйрету, алдын алу шараларын өткізу тәрізді өртке қарсы күрес маңызды бағыт.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар