Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапармен келді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапармен келді

Сапар аясында Елбасы Жапония Императоры Акихитомен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты.
Мемлекет басшысы Tokyo Rope компаниясында болды.
Елбасы компания қызметімен танысып, шығарған өнімдерін көрді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Қазақстандағы болат бұйымдар шығаратын «Токио Роуп Алматы» зауытын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты.
Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын габион жүйесін (торкөз қалқаншалар) жасау үшін аса берік торлар шығарады.
Tokyo Rope компаниясы – жоғары технологиялы болат арқандар, көпір кермесін, автошиналардың металл өзектерін, күн энергетикасын өткізуге арналған сымдар және басқа да металл бұйымдарын шығаратын әлемдегі көшбасшы кәсіпорынның бірі.
Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен және лига мүшелерімен кездесті.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстан Респуб-ликасымен достық лигасы екі ел халқы арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға баға жетпес үлес қосқанын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар