Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен істе береке бар - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен істе береке бар

«Қазақстан-2050» облыстық демократиялық күштер коалициясы «Бірлік пен тұрақтылықтың, өркендеудің 25 жылы» атты дөңгелек үстел өткізді.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңіріміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасады.
Шараға облыс аумағында тіркелген саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов өткен ширек ғасырдың ішінде тәуелсіз Қазақстанның зор табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алғанын айта келе, мұның бәрі Елбасының жүргізіп отырған оңтайлы саясаты мен бірлігіміздің арқасында келген жетістіктер екендігіне тоқталды.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі облысымыздың қол жеткен жетістіктері жайында жан-жақты баяндап берді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі астаналық облыстың қол жеткен жетістіктері  ауыз толтырып айтарлықтай. Бүгінгі күні облыстың жалпы ішкі өнім көлемі 1,2  триллион теңгеге жетіп, соңғы он жылдың ішінде 11 есеге артқан. Биылғы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының облысымызға сапары кезінде жұртшылық өкілдерімен кездесуі барысында Ақмола облысының аграрлы аймақтан өнеркәсіптік-аграрлық өңірге айналғандығын атап өткен еді. Облыста соңғы кезде өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі күні облыс кәсіпорындары 350 миллиард теңгенің өнімдерін шығарған. Бұрын қолға алынбаған салалар дамып, өнімдер өндірілуде. Өткен жылы облыс өнеркәсіп орындары  20 тоннадай алтын өндірген. Бұл елімізде өндірілген  бағалы металдың 35 пайызы. Степногорск подшипник зауыты соңғы жылдары жаңа өнімдер шығаруды жолға қойып, өндіріс көлемін арттыра түсті. Уран қоспасын шығаратын «Семізбай» кен орны, сапалы кірпіш шығаратын «ЕNKI» серіктестігі сияқты ірі кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Соңғы жылдарда Ресей-Қазақстан бірлескен жобасы шеңберінде «Вектор» комбайны шығарыла бастады.
Биылғы жылы ақмолалық диқандар Отан қоймасына 5,7  миллион тонна астық құйды. Қазіргі күні облыс Астана тұрғындарын ұнмен, картоп және жұмыртқамен жүз пайыз  қамтамасыз етуде. Ет, сүт өнімдерімен  қамтамасыз ету көрсеткіші де жыл санап өсіп келеді. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде облысымызда  154 балабақша мен 40 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу көрсеткіші тоқсан пайыз болып отыр. Қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету шеңберінде салынып жатқан үйлер саны да көбейіп келеді.
Шара барысында Қазақстан коммунистік партиясы облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитов, «Ақжол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев, Ақмола облысы саясаткер әйелдер клубының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов және басқалары сөз сөйлеп, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің және өңіріміздің қол жеткен жетістіктері жайында, елімізде орын алып отырған бірлік пен тұрақтылық туралы өз  ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында оған қатысушылар тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде еліміз қол жеткен жетістіктер мен орын алған оң өзгерістер жайында халық арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, еліміздің ең басты байлығы  – тұрақтылығымыз бен бірлігімізді нығайтуға атсалысу қажеттігін айтып, қоғамдық ұйымдар мен саяси партияларға, үкіметтік емес ұйымдарға арналған ұсыныстарын қабылдады.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар