Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дельфий ойындары мәреге жетті - АРҚА АЖАРЫ

Дельфий ойындары мәреге жетті

«Горняк» мәдениет үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің және Степногорск қалалық әкімдігінің қолдауымен ХІІ ұлттық Дельфий ойындары өтті.

 

Іс-шараға облысымыздың 14 ауданы мен Астана, Степногорск қалаларынан келген 10-15 және 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, он жеті аталым бойынша бақ сынасты. Жарысқа қатысушылар фортепиано, скрипка, баян, ұлттық аспаптар (домбыра, прима-қобыз, қыл-қобыз), академиялық ән айту, дәстүрлі ән айту, халық биі, заманауи би, фотосурет, тележурналистика, қысқаметражды кино-бейнероликтер, өнертапқыш, киім дизайны аталымдары бойынша сынға түсті.
Бұрынғы ойындарға қарағанда биылғы жылдың бас-ты ерекшелігі – негізгі дельфий ойындарымен қатар, парадельфий фестивалі де қоса өткізілді. Онда қимыл, ишара арқылы әндер орындалып, хореографиялық көріністер қойылды. Ең алдымен жиналған қауымды Ресейдің Ұлттық Дельфий ойындары кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы, халықаралық Дельфий ойындары комитетінің директоры Владимир Понявин, Ұлттық Дельфий ойындары комитетінің директоры Құралай Түспекова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов құттықтап, өнерлі жастарға сәттілік  тіледі. Осыдан соң аймақтардың өнер шеруі басталды. Әр ауданнан келген команда өздерінің салтанатты сәлемдесу турын көрсетті. Осы орайда қазылар алқасы да таныстырылып, олар фестивальге жауапкершілікпен қарап, өздеріне тапсырылған үдеден шығып, ойынның әділ бағаланатынына уәде берді.
Ашылу салтанатында ұйымдастырушылар ойынның құрметті қонақтарымен қызықты интерактив өткізді. «Қысқа метражды кино» аталымы бойынша қазылар алқасының құрамының мүшесі, актер, «Астана жастары» жастар ресустық орталығының жетекшісі Әнуар Нұрпейісов қатысушылардың сауалдарына жауап бере отырып, іс-шара қорытындысы ретінде Степногорск қаласының шахмат федерациясының жұмысы туралы қысқа метражды фильм түсірілетіндігін айтты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының бас менеджері Ерлан Сатаев бірінші рет ұйымдастырылып отырған парадельфий фестивалі туралы баяндап берді. Дельфий ойындары мен парадельфий фестивалін ұйымдастыруға бұл қор ең алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетіпті. Осы орайда, Қырғызстанның Дельфий ойындары кеңесінің атқарушы комитетінің  директоры, 2002 жылдан бері осы ойынның тұрақты қазысы болып келген Рафаил Сарлыковтың еңбегін де атап өтуге болады.
– Осы уақытқа дейін қаншама мемлекетте, қаншама қалада Ұлттық Дельфий ойындарын тамашаладым. Алайда, ол жақтарда осындай қонақжайлылық пен ақ жарқын көңілді, жылылықты сезіне алмадық.  Ұйымдастырушылық жұмыстарыңыз бізді қуантып отыр. Қаланы тегін аралатқан таксистеріңіз де бізді таң қалдырды, – дей келе, Петропавл қаласы студенттерінің театралдық тобының жетекшісі Айнұр Бекманова степногорлықтарға алғысын білдіріп, оларға игі тілектерін айтты.  
Салтанатты өнер кешінде мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері мен эстрада әншілері ән шырқады. Олардың ішінде «Астана Опера» театрының солисті Альфия Кәрімова, танымал эстрада әншілері Алмаз Кішкенбаев пен Ринат Мальцагов бар.
Қала тұрғындарын айшықты өнерлерімен
баурап, ұмытылмас әсерге бөлеген әншілердің, өнер майталмандарының ән-шашуларынан кейін қатысушылар мен ойын қонақтарын Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев құттықтап, жас таланттардың үлкен өнер жолындағы алғашқы баспалдағы сәтті болсын деген ізгі тілегін жеткізді. Ұлттық жобаның жабылу салтанатында жұртшылық парадельфий фестивалінің жеңімпаздарын ерекше қошеметпен қарсы алды. Ишарамен ән орындау аталымы бойынша қызылордалық Сағи Мұхамбет жеңімпаз атанса, хореография бойынша Петропавл қаласының «Sensitive» ансамблі жеңіске жетті. Ақмолалықтардың қоржынында 12  медаль бар, оның ішінде төртеуін степногорлықтар иеленді. «Фортепиано» аталымында Чиниз Русин алтын медальді, «Эстрадалық ән орындаудан» балауса топта Хамидолла Шерхан, «Фотографиядан» ересектер тобында Әбілқайыр Байманбетов күміс жүлдеге қол жеткізсе, «Көркемсурет өнерінде» Махаббат Әбділманова қола жүлдеге ие болды.
Фестивальдің жабылу салтанатында қала басшысы Әнуар Күмпекеев Ұлттық Дельфий ойындары комитетінің директоры Құралай Түспековаға ойынның басты символын сыйға тартты. Сонымен қатар, ол барша жиналған қауымды облыс әкімі Сергей Кулагиннің атынан құттықтап, облыс басшысының ыстық ықыласын жеткізді. Міне, осылайша мәдениет пен өнердің, достық пен сыйластықтың салтанатты да әсерлі кеші мәреге жетіп, қатысушылардың жадында ұзақ уақыт есте сақталатын болады.  

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар