Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көлік қозғалысы жіті бақыланады - АРҚА АЖАРЫ

Көлік қозғалысы жіті бақыланады

Облыстық көлікті бақылау инспекциясының басшысы Ерболат Ерімбетов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі  баспасөз мәслихатында он айда атқарылған жұмыс қорытындыларына тоқталды.

Инспекция басшысының айтуына қарағанда, «Газель» және «Хендай» көліктеріне орнатылған жылжымалы бекет замануи бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Камералар көліктің сыртындағы және ішіндегі қозғалыстарды түсіріп отырады. Камералар 380  градусқа бұрылады. Оны тек қана Астанадағы оператор басқарады.
– Бұл шаралар жүк тасымалдаушылардың, көлік құралдарының иелері мен жүргізушілердің заңды сақтауына бағытталған. Оған қоса, кез-келген интернетті желі қолданушы онлайн режимінде бекеттердің жұмысын бақылай алады, – деді Ерболат Ерімбетов өз сөзінде.
Сонымен қатар, арнайы бейнебақылау қондырғысы инспекция жұмысы кезінде кейбір айғақ-дәлелдер келтіруге көмектеседі. Оған қоса, бұл жаңалықтың сыбайлас жемқорлықпен күресуге әрі жүк тасымалдаушыларды, көлік құралдарының иелері мен жүргізушілерді тәртіпке шақыратыны сөзсіз. Брифинг барысында айтылғандай жыл басынан бері аталған инс-пекция қызметкерлері 3500-ден астам автокөлікті тексерген. Оның ішінде 400-ден астам әкімшілік іс қозғалған. Сондай-ақ, 32 кәсіпорын тексеріліп, 25 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
 Баспасөз мәслихаты барысында журналистер инспекция басшысына транзиттік жүктерді таситын шетелдік көліктерге салынған айыппұлдарды өндіріп алу тәртібі туралы өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар