Аудан әкімі Асқар Мұратұлының төрағалығымен лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сай алдымен ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Зеренді аудандық бөлімінің басшысы Данияр Елубаев комиссия мүшелері мен арнайы шақырылған азаматтарды жүргізілген тексеріс нәтижесімен таныстырды. Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы Жанкелді Уаисов жаңа оқу жылы басталғалы жалпы білім беретін мектептерде осы бағытта атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Сол сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жөнінде және ауданда жүргізіліп жатқан діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зейнегүл Қазиақпарова баяндап берді. Отырыс соңында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі, комиссия хатшысы Әділбек Сыздықаев бұған дейінгі отырыстарда шығарылған шешімдердің іске асырылуы жөнінде хабарлама жасады.
Күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.