Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүмкіндікті пайдаланып қалған жөн - АРҚА АЖАРЫ

Мүмкіндікті пайдаланып қалған жөн

Қазақстанда мүлікті жария ету «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ел азаматтарының, оралмандардың және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды.

Кейін акцияның ұзартылуына байланысты ол 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын болды. Жария ету үшін көбінің құқықтары Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес толтырылмағандықтан, респуб-лика аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынатын құжаттарды тапсыру мерзімі биылғы жылдың 30 қарашасында аяқталады. Бұл акция көлеңкелі экономиканы қысқарту, ел экономикасына қосымша қаржыларды тарту мақсатында өткізіліп, қысқа мерзімде қарапайым әдіспен өз мүлігін заңды түрде жария етуге тілек білдіргендерге көмектеседі.
Бұдан бұрын да акциялар өткізілген. Мәселен, 2001 жылы ақша жария етілді. 2006 және 2007 жылдары ақшадан өзге жылжымалы және жылжымайтын мүлік жария етілген. Бұл акцияда ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлесі, құқы Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын өзге тұлғаға толтырылған жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін республика аумағындағы ғимарат, жекеменшік құқына жария етілетін субъектіге жататын мақсатты бағыттағы жер телімі, шетелдегі жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.
Бұл акцияға ел азаматтарының, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың қатысуына құқы бар. Өткізіліп жатқан мүлікті жария ету азаматтардың өз жылжымайтын мүлігін заңдастыру үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Өткен жылдың соңында енгізілген мүлікті жария ету мәселесі бойынша заңның өзгертілуі мүлікті жария етуде азаматтарға қосымша кепілдік ұсынады. Енді өзге тұлғаға толтырылған немесе жария етілетін субъектіні, Қазақстан аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына тиісті декларация мен ілеспелі құжаттарды тапсыру жеткілікті. Бұл шетелде орналасқан мүлікті жария етуге қатысты. Жария етілетін субъекті жөнінде жергілікті әкімдік жанындағы комиссияға жолығу қажет. Бұл бұрын дұрыс толтырылмаған Қазақстан аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты. Мүлікті жария етуге байланысты кез-келген мәлімет құпия болып табылады. Жария ету жөніндегі мәліметті комиссия мүшелерінің, мемлекеттік кірістер органдары мен екінші деңгейдегі банктер қызметкерлерінің үшінші тұлғаға таратуға құқы жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жария ету субъектілері құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен қорғалған. Қылмыстық іс қозғауға немесе мүлік пен ақшаны жария ету фактісін дәлел ретінде пайдалануға тиым салынған. Сондай-ақ, жария етілген мүлік тәркіленбейді. Жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда облыс бойынша 19 миллиард теңгеге бағаланған 2 мың 300 өтініш  келіп түсті. Оның ішінде тұрғын үй нысандары бойынша 1 мың 596 өтініш, тұрғын үйге жатпайтын нысандар бойынша 2 мың 882 өтініш бар. Қабылданған өтініштер саны бойынша бұрынғыдай Целиноград ауданы  (1172), Көкшетау қаласы (355), Бурабай ауданы (311) алда келеді. 12,1 миллиард теңгеге бағаланған 1 мың 624 өтініш бойынша мүлікті жария ету жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде 1104 тұрғын үй нысаны, 2160 тұрғын үйге жатпайтын нысан бар. 2017 жылға жоспарланған жалпы кірістер мен тұрғындардың шығындарын декларациялауға байланысты облыстық қаржы басқармасы сіздерге жеңілдіктерді пайдаланып, өз мүліктеріңізді жария етуді ұсынады.

Талғат БӨЛТЕНОВ,
облыстық қаржы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар