Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пеш жаққанда сақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Пеш жаққанда сақ болайық

Өрттің көбі жеке тұрғын үйлерде  болатыны белгілі. Өрт шыққан мұндай үйлерден адамдардың қиын жағдайда қалғанын анық түсінесің.

Бүгінгі таңда жылу беру жүйесі мен электроқондырғылар көбіне төмен деңгейде жөнделеді. Қондырғы істен шыққан жағдайда адамдар тұрмыстың дұрыс жағдайын қамтамасыз ету үшін өзге де әдісті пайдаланады. Кейде тұрмыс жағдайының жоқтығы, от жаққанда абайсыз болу, әсіресе қыс айларында пеш пен тұрмыстық жылыту аспабын пайдалану ережесінің бұзылуы, өрт санының артуына себепші болады. Мәселен, жыл басынан бері Көкшетау қаласында 100 өрт тіркелді. Адамдардың көбі жертөледе, қойма мен автотұрақта ескі шаңғыны, бояу банкілерін, ал автокөлік иелері аккумулятор мен көлік покрышкасын бензин құйылған канистрді сақтайды. Мұндай нысандарға сөндірілмеген темекі түссе, бірден жанады.
Тұрғын үйлерді өртке қарсы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Мәселені оңтайлы шешу тек қана өртке қарсы қызмет органдары қолданатын шараға байланысты емес. Бұған қала тұрғындары да атсалысуы тиіс. Өрттен сақ болып, үйдегі жақындарыңыздың өмірі мен материалдық құндылықты сақтау үшін өрт қауіпсіздігі ережесінің қарапайым талаптарын орындау қажет.
Тез жанатын материалдан салынған үйдің қабырғасы мен төбесін пеш пен мұржадан алшақ салу қажет.  Пешті салу немесе жөндеу үшін өрттік-техникалық курстан өткені жөнінде куәлігі бар білікті шебер шақырған дұрыс. Пеш пен мұржаның дұрыстығын назардан шығармау керек. Жарамсыз болып қалған электр сымдарын уақытында ауыс-
тыру қажет. Тек қана зауытта жасалған электр жабдықтарды пайдаланған жөн. Қатып қалған су құбырын, кәріз бен жылу беру жүйелерін отпен қыздыруға болмайды.  Шатыр мен жертөледе тез жанатын материалдар мен қоқыс та сақталмауы керек.  
Алдымызда қақарлы қыс тұр. Көбіміз үйде пеш жағамыз. Сондықтан, өрттен немесе иіс тиюден сақ болайық.
Азамат ЖАҚСЫБАЕВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар  басқармасының азаматтық қорғау капитаны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар