Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жүйе біртіндеп енгізіледі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жүйе біртіндеп енгізіледі

Таяуда Орталық коммуникациялар қызметінде жаңартылған білім жүйесі мен 12 жылдық білім беруге көшу мәселелеріне арналған  баспасөз мәслихаты болып өтті.

Брифингке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова мен білімнің мазмұны және әдістемесі басқармасының жетекшісі Талғат Жәкенов қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Зейнеп Мақсұтованың айтуынша, бүлдіршіннің мектепке алты жасында бару тәжірибесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде, сондай-ақ, әлемнің  21 мемлекетінде кең тарап, қолданысқа енгізілген.
Жаңа жүйеге  сәйкес, бес-алты жасар бүлдіршіндер үшін нөлінші сынып немесе мектепалды даярлық сыныптары жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз даярлық тобын қоса алғанда 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі деген сөз. Барлық сыныптардың жаңартылған мазмұнға көшірілуі 2020 жылға қарай аяқталады. Бұл ретте, қолданыстағы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының өзгертілмейтінін хабардар етсек деп едік»,– деді  Зейнеп Мақсұтова брифингте.
Білім берудің жаңартылған мазмұны кезең-кезеңімен енгізілетінін айта кетсек жөн.  Мәселенки, 2016 жылы бұл бағдарлама бойынша 1 сыныптар ғана оқытылса, 2017 жылы – 2,5,7, сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8,10 сыныптар, ал, 2019 жылы – 4, 9, 11 сыныптар көшіріледі. Жаңартылған бағдарлама аясында базалық оқу және жазу дағдылары қалыптастырылып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы, сондай-ақ математикалық, мәдени, азаматтық сауаттылық және ғылыми білім беріледі.  Осыған орай үстіміздегі жылы 63 мың педагог кәсіби біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті. Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендірумен қатар бес күндік оқу аптасына көшіру жүргізіледі. Білімнің мазмұны және әдістемесі басқармасының жетекшісі Талғат Жәкеновтың айтуынша осындай жаңа жүйенің тиімділігі зор. – Жаңа жүйе, біртіндеп енгізіледі. 2019 жылы тек 10-11 сыныптарда ғана, оның өзінде жаратылыстану-математика кластарында төрт пәннің екеуін таңдай алады. Биология, химия, физика және информатика. «Әліппе», «Дінтану» пәндерінің атауы өзгертілгенмен, заты өзгермейді. Яғни, бұрынғы бағдарлама бойынша оқытылады. 2009 жылдан бастап пән ретінде оқытыла бастаған «Дінтану» пәні «Зайырлық және дінтану негіздері» болып өзгертілген. Бұл пән тек тоғызыншы сыныптарда ғана оқытылады.
Брифингте жаңартылған білім мазмұны туралы көкейде жүрген сұрақтарды журналистер қойып, арнайы мамандардан тұшымды жауаптар ала алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар