Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зияткерлік меншік құқығы қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Зияткерлік меншік құқығы қорғалады

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын дайындаған еді.

Бүгінде зияткерлік меншікке қатысты дау-дамайлардың көп туындайтыны белгілі. Осыған орай, бұл саладағы заңдарымыздың нарық талабына жауап беретіндей деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттілігін өмір алдымызға тартып отыр.
Дайындалған заң жобасын талқылауға мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, үкіметтік емес ұйымдар, «Филлип Моррис» компаниясының шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілдері, инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесінің мүшелері қатысты. Заң  жобасын талқылауға сондай-ақ, Германия, Жапония, Франция сияқты бірқатар елдердің сарапшылары да атсалысты.
Аталмыш заң жобасының негізгі жаңалығы мұнда зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды тіркеу уәкілеттілігі сараптама жасау ұйымдарына беріледі және авторлардың құқықтарын тиімді қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған, тауар белгісіне өтінімді қарау тәртібі ықшамдатылған, шарттарды тіркеудің тәртібі біршама жеңілдетілген. Сонымен бірге, тауар таңбалары бойынша заңнамалар Сингапур шартының құқықтық талаптарына  сәйкестендірілген.
Заң жобасы қабылданған жағдайда Азаматтық кодекске, «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы»  кодекске, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Бақытжан ӨМІРЗАҚОВ,
облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар